Международный гуманитарный технический


Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады



Pdf көрінісі
бет16/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
Философия

Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады: 
Сезімдік таным

Рационалдық таным
1.Тікелей бейнелеу; 
2.Сыртқыны бейнелеу; 
3.Жекеніі бейнелеу. 
1. 1.Жанама бейнелеу; 
2. 2.Ішкіні бейнелеу; 
3.Жалпыны бейнелеу 
Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық 
танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі 
процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік 
образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты. 
Сезімдік таным-танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде 
қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен заттық және адами 
қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның 
қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, 
қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Сезімдік таным 
мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен 
ақылдық өзара байланысы тіпті терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта 
болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік 
бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар 
танымда 
сезімдік 
тәжірибемен 
тығыз 
байланыста 
қолданылады. 
Сезімдік таным түрлері: 
1. Түйсік; 
2. Қабылдау; 
3. Елес. 
Рационалдық танымның бейнелеу түрлері: 
1. Ұғым; 
2. Пікір; 


3. Ой-тұжырымы. 
Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде туындаған сезімдік 
әсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктер объектілердің жекелеген қасиеттерін 
бейнелейді-қызыл, қатты, тәтті т.б. Қабылдау-затты, құбылысты толық бейнелеу. 
Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелей алады, ал жалпы затты көрсете алмайды. 
Ойлаудың қарапайым клеткасы ұғым - деп аталады. Ұғым дегеніміз - шындықтағы 
заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. 
Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске 
асады. “ұғым сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу тәсілін 
ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән 
жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды”. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет