Международный уни



бет9/9
Дата27.11.2023
өлшемі68,88 Kb.
#130047
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аманбай Ақбота практика

Мазмұны:
1. Кіріспе
1.1. Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе
1.2. Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты және міндеттері
2. Негізгі бөлім:
2.1. Өндірістік іс-тәжірибеден өту барысы
2.2. Бекітілген сыныппен танысу және оны бақылау
2.3. Тәрбие сағаттарын өткізу барысы
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиет және ресурстар

1. Кіріспе


1.1. Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе
Оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі - студенттердің оқытушы ретінде кәсіби дайындығын логикалық түрде толықтыратын университеттегі педагогикалық практика болып табылады.
Университеттегі педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты – студенттерді ғылыми-педагогикалық қызметке тарту, олардың ғылыми-педагогикалық әлеуетін ашу, гуманистік педагогикалық құндылықтар контекстінде кәсіби өзіндік санасын дамыту. Қазіргі әлемде жоғары кәсіптік білім беру үдерісі дамып келеді және отандық білім кең әлеуметтік контексте және мәдениеті жоғары, аналитикалық ойлау қабілеті бар, бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған құзыреттілік көзқарас тұрғысынан қарастырылады. қарым-қатынас дағдылары және қажетті жеке қасиеттер.
1.2. Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты және міндеттері
Өндірістік (психологиялық-психологиялық) іс-тәжірибенің мақсаттары, міндеттері: Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс тәжірибені өту барысында мектеп өмірімен, оқу жүйесімен, сынып жетекші және оның міндеттерімен танысу. Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде жұмыс атқару арқылы мұғалімдіктің қыр-сырын тану. Сынып сабақтарына қатысып, сабақ беру әдістерін бақылау. Сыныппен жұмыс жасап, мінездеме жазу. Тәрбие сағатын өткізу арқылы оқу-әдістемелік және педагогикалық жұмыстардың негізін тәжірибеде қолдану.
Тәжірибе барысында студенттер жоғары оқу орнындағы оқу үрдісінің логикасы мен мазмұнымен, университеттегі ғылыми-тәрбие жұмыстарымен, оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерімен, оқытудың жоғары мектептердегі инновациялық технологияларымен танысады. Олар студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшеліктерін, олардың кәсіби маман ретінде қалыптасқан қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін зерттейді.

2. Негізгі бөлім:


2.1. Өндірістік іс-тәжірибеден өту барысы
Мен, Нұрмахамбет Береке Оспанқызы, 12 ақпан 2023 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №9 дарынды балаларға арналған “Зерде” мамандырылған мектебі бекітіліп, 13 ақпанда іс-тәжірибеден өтуді бастадым. 12 ақпан күні іс-тәжірибе жетекшілерімен zoom бағдарламасында конференция өтті. Конференция барысында мұғалімдер практикадан өту барысын, оның мақсаты мен міндеттерін, мектеп тәртіптерін түсіндірді. Сонымен қатар қандай жұмыстар атқару керек екенімізді айтып, қажет іс-қағаздардың нұсқауларын берді.
Өтілген таныстыру жұмыстарынан түсінгенім: өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында біз сынып жетекшісінің көмекшісі рөлінде боламыз. Біздің міндет – сыныпты бақылау. Олардың сабақ үлгерімін бағалау, сыныптан іс шараларға қатысу белсенділігін, қызығушылықтарымен танысу. Оқушыларды танып білу. Сонымен қатар олардың сабақтарына қатыса отырып пән мұғалімдерінің сабақ өту әдістемелерімен танысу. Сынып жетекшісінің жұмыстарына қосыла отырып мектеп өмірімен, білім беру бағдарламаларымен етене таныса отырып тәжірибе жинау.
Осы аталған жұмыстарды жасай отырып педагог маман ретінде тәжірибе жинауды, жоғарғы оқу орны мекемесі, яғни Астана Халықаралық Университетінде алынған білімді істе қолдануды мақсат қылып қойдым.
Ақпан айының 13-ші жұлдызында университет тарапынан берілген мәмілеме қағазымен бекітілген Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №9 дарынды балаларға арналған “Зерде” мамандырылған мектебіне Математика-21 А тобы болып бірігіп бардық. Мектеп бізді құшақ жая қарсы алды. Студенттермен танысып болған соң сыныптарды үлестіріп берді. Бізге мектеп тәртібі мен талаптары таныстырылды.
2.2. Бекітілген сыныппен танысу және оны бақылау
Мен, топтағы әріптесім Нишанова Балжанмен бірге жұмыс жасауды ұйғарып, Сағындықов Сейтхан Сағынышұлы жетекшілік етеін 8 «Б» сыныбына бекітілдік. Сынып жетекшісі Сағындықов Сейтхан Сағынышұлымен танысып, сынып тізімін алдық.
Сыныпта 25 оқушы бар, 16 ұл бала, 9 қыз бала. Іс-тәжірибеден өту барысында байқағаным: сынып оқушылары ұйымшыл, бір–бірімен жақсы араласады,бір-бірін тыңдап,айтқан пікірлеріне құлақ асады.Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы.
Екпінді оқитын оқушылар саны–2, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып жаратылыстану пәндерімен қатар, гуманитарлық пәндерден де жақсы үлгереді.
Көптеген оқушылар әр түрлі жарыстарға қатысады. Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға биология,география,тарих пәндері бойынша қатысып орын алып жүрген оқушылар бар.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке–дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ–топқа бөліну, бір–бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл,ауызбіршілігі мол топпен,жұппен,жеке дара тапсырма орындаулары жоғары деңгейде.Бір–бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір–біріне үнемі көмектесіп отырады.
Сынып оқушылары сабақ жағына бейімді, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.Сабақты ынталана оқиды. Ұстаздармен қарым-қатынасы өте жақсы.
14-ші ақпан күні Балжан екеуіміз келіп сыныппен жақынырақ таныстық. Өзімізді таныстырып болған соң сабақтарына қатысуды ұйғардық. Пән мұғалімінен рұқсатын алғаннан кейін артқы партада отырып сабақты бақылауды бастадық. Геометрия пәнінің өту барысын,оқушылардың білімін бақыладық, оқушылар геометрия сабағына белсене қатысатынын байқадық.Ермұхаммед,Нұрәлі,Ертілек сынды оқушылар өздерін өте белсенді танытып, тапсырмаларды жақсы орындап отырды.
Пән мұғалімі оқушылардан өзіндік жұмысын алды.Өзіндік жұмыс тақырыбы: Параллелограммның ауданы. Оқушылар есептерді өз бетімен шығарып болған соң кезек-кезегімен тақтаға шығып оқушыларға есептің шығару барысын түсіндірді.Тапсырманы жарыса отырып,шығарды.

2.3. Тәрбие сағаттарын өткізу барысы


Жұма 3-ші наурыз күні мектепте 8 «Б» сынып оқушыларымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай сынып сағатын өткіздім.
Тәрбие сағаты жоғары деңгейде және сыныптың белсене қатысуымен өтті.
Барлықтары өздерін таныстыра білді. Тәрбие сағатында оқушылар ата-аналарына ән арнап, би билеп,күй ойнау секілді өнерлерін паш етті. Ата-аналарымен қарым-қатынасын нығайту мақсатында бірге ойын ойнады.Аналарына деген ізгі лебіздерін өлең жолдарымен жеткізді.
Сөзді тап атты сергіту жасау жарысында Ермұхаммед, Гулназ,Аяла үшеуі бірге қатысты. Гүлназ бен оның анасы жеңіске жетті.Олар анамен бала арасындағы түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетті.

Қорытындылай келе айтарым: Оқушыларды қайырымды болуға, төзімді ұрпақ етіп тәрбиелеуге,ұстазға ата-анаға деген құрметін арттыруға , айналасындағы жандарды қадірлей білуге үйрету алдық. Әйел атаулыға құрметпен қарау керектігін олардың барша сый-құрметке лайық екендерін ұғындыра білдік. Бастапқыда көздеген ана мен бала махаббатын нығайту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарамыз біз ойлағаннан да жоғары деңгейде өтті.Ата-аналар да,оқушылар да, ұстаздар да өз ризашылығын білдірді.

Қорытынды
Өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында біз сынып жетекшісінің көмекшісі рөлінде болдық. Біздің міндет – сыныпты бақылау. Олардың сабақ үлгерімін бағалау, сыныптан іс шараларға қатысу белсенділігін, қызығушылықтарымен танысу. Оқушыларды танып білу. Сонымен қатар олардың сабақтарына қатыса отырып пән мұғалімдерінің сабақ өту әдістемелерімен танысу. Сынып жетекшісінің жұмыстарына қосыла отырып мектеп өмірімен, білім беру бағдарламаларымен етене таныса отырып тәжірибе жинау.
Осы аталған жұмыстарды жасай отырып педагог маман ретінде тәжірибе жинап, жоғарғы оқу орны мекемесі, яғни Астана Халықаралық Университетінде алынған білімді істе қолдана алдым деп айта аламын.

Қолданылған әдебиет және ресурстар


https://abai.kz/post/86477
https://erketai.kz/siz-bilisizbe/8-nauriz-merekesinin-shigu-tarihi/
https://balakai.kz/leder_tapatar/merekeler_turaly/887-8-nauryz-merekes.html

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет