Международный уни



бет5/9
Дата27.11.2023
өлшемі68,88 Kb.
#130047
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аманбай Ақбота практика

8 «Б» сыныбына мінездеме
Сыныпта 25 оқушы бар, 16 ұл бала, 9қыз бала. Сынып жетекшісі Сағындықов Сейтхан Сағынышұлы. Әлеуметтік құрамы жақсы. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен жаратылыстану бағыттағы пәндерді тереңдете оқиды.
Сынып оқушылары ұйымшыл, бір–бірімен жақсы араласады,тапсырманы жұмыла жасай алады.Бір-бірін тыңдап,айтқан пікірлеріне құлақ асады.Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Екпінді оқитын оқушылар саны–2,қалған оқушылар қанағаттанарлықтай. Сынып жаратылыстану пәндермен қатар, гуманитарлық пәндерін де жақсы үлгереді.
Көптеген оқушылар әр түрлі олимпиадаларға қатысады. Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға биология,география пәндері бойынша қатысып,жүлделі орын алып жүрген оқушылар бар.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке–дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ–топқа бөліну;бір–бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл,ауызбіршілігі мол, топпен,жұппен,жеке дара тапсырма орындаулары жоғары деңгейде. Сабақ үстінде бір–біріне үнемі көмектесіп,ақылдаса оты үздік оқушылар болмағанымен сыныптың білімге деген құштарлығы өте үлкен.
Сынып оқушылары сабақ жағына бейімді, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастыра, құштарлана қатысады. Сабақты ынталана оқиды, ұстаздармен қарым-қатынасы өте жақсы. Мектептегі ең жыбырлақ сынып болғанымен,үлгілі сыныптардың бірі.

Машықкер:____________________ Нұрмахамбет Б.О


Сынып жетекшісі: ______________ Сағындықов С.С

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің


№9 дарынды балаларға арналған “Зерде” мамандырылған мектебі
Директор: Аманов Н.К
Сарырқа даңғылы, 20
9 «Ә» сынып оқушысы Өтемісова Аймира Дәуренқызына мінездеме
Өтемісова Аймира 15.03.2007 жылы дүниеге келген. Аймираның отпасымен қарым-қатынасы жақсы екені байқалады.
Оның білімге қызығушылығы жоғары, білімге құштар оқушы. Өзінің білгенін басқалармен бөлісіп, яғни сыныптастарына көмектесіп жүреді. Сыныптың топ басшысы. Сүйікті пәндері, өзінің айтуы бойынша, алгебра және көркем еңбек.
Аймираның сыныптан тыс айналысатын сүйікті істері бар. Олар: кітап оқу, сурет салу, тоқу. Аймираның бойынан көптеген қасиеттер байқадым. Ол сабақты жақсы оқумен қатар, өте алғыр. Өзіне берілген тапсырманы тез түсініп, жылдам орындайды. Топ басшысы болғандықтан өте қамқор және өзінің сыныптастарына білгенін үйретіп жүреді. Сабақтан тыс үстінде жазып кеткенімдей, жеке қызығушылықтары бар.
Аймира өзіне сенімді, алғыр және мейірімді. Тұйық мінезді болғанымен, тәрбие сағаттарынан байқағаным, ойын ашық жеткізеді және өте сенімді. Ең керемет қасиеті-топпен жұмыс істей алады. Ол қоғамдық іс–шараларға қатысқанда белсенді мүше бола алады.
Аймира сыныптан бөлек, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып-қымтырылмайды. Ол жаңа ортаға тез бейімделеді. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы өте жақсы.

Машықкер:____________________ Нұрмахамбет Б.О


Сынып жетекшісі: ______________ Сағындықов С.С
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің
№9 дарынды балаларға арналған “Зерде” мамандырылған мектебі
Директор: Аманов Н.К
Сарыарқа даңғылы, 20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет