Международный уни


Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, А4 форматындағы суреттер,түрлі-түсті қағаздар. Барысы



бет7/9
Дата27.11.2023
өлшемі68,88 Kb.
#130047
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аманбай Ақбота практика

Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, А4 форматындағы суреттер,түрлі-түсті қағаздар.
Барысы:
1-Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз – аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең, дуниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бугінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби журегі өзің, деп соқса, бугінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе 8»Б» сынып оқушылары Рамазан мен Ұлымбекті « Адай» күйімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар! (Күй)
2-Жүргізуші:Ал енді мерекелік кешіміз қызықты болу үшін, біздің сыныбымыз сіздерге арнап ойындар ұйымдастырды, ал 1-ші ойын шарттарына назар аударсақ:Ата-ана бір сөз ді балаларына басқа сөздермен айтып,түсіндіру керек.(Әліби, Ерасыл)
1-Жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалыктаған теніздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті биге береміз: Нұрәлі,Әбілмансұр,Алишер ,Саят ,Ертілек,Сардар
2-Жүргізуші: Кішкене мерекеден алшақтап, мектептегі қызықты оқиғалардың, бірін көрініс ретінде орындайтын
Фариза мен Айзияны ортаға шақырайық!
1-Жүргізуші: Ару – ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары,-дей келе келесі кезекте Нұрсұлтанды Жан анама атты өлең шумақтарымен қабыл алайық!
1-Жүргізуші: Домбыра күмбірлеші куніңдей боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың
Үніңменен жазылады жарасы
Үніңменен жалғанады ұрпағым,-дей келе, ортаға Ұлымбекті шақырамыз! (2-ші ойын)
2-Жүргізуші:Ойын ойнап, көңіл көтергендеріңіз үшін
Рахмет! Ендігі назарларынызға ұлдар мен қыздардың
Орындауындағы «Құдаша» биін ұсынамыз!
1-Жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың,
Ана деген – рәмізі сұлулықтың.
Ана деген – бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Олай болса Ерасылды қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла кол соғайық!
2-Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, конағы ырза, дүниесі тугел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Журегіне, журегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда а сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!

Тәрбие сағатының соңында қыздар мен ұлдар ата -аналарына ізгі-тілектерін білдірді.Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті.Осылайша тәрбие сағатымызды тәмәмдадық


Оқушылар тәрбие сағатынан не үйренді:


-«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесінің тарихын және бұл мерекенің маңыздылығын;
-Аналардың әлемдегі ең қымбат жандар екенін;
-Ұстаздарды құрметтеуді;
-Сынып арасындағы ұйымшылдық пен мейірімділік ұқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет