3. 2 Оқытудың дамыту технологиясын қолданудағы жұмыстардың негізгі бағыттары
Дамыта оқыту технологиясында балаға сыртқы ортамен байланысы бар жеке субъект рөлін береді. Бұл байланыс іс-әрекеттің барлық түрлерін қамтиды: мақсаттылық, жобалау және ұйымдастыру, мақсатты жүзеге асыру және қызметтің нәтижесін талдау. Бұл кезендердің әрбіреуі тұлғаны дамытуда үлкен үлес қосады.
Мақсаттылық іс-әрекетінде: еркіндік, мақсатқа жету, өз бетіншілік, ар тәрбиеленеді. Жобалауда: өз бетіншілік, күш-жігер, шығармашылық, бастамашылдық, ұйымшылдық тәрбиеленеді.
Мақсатты жүзеге асыру кезенінде: шеберлік, еңбекқорлық, орындаушылық, тәртіп, белсенділік тәрбиеленеді.
Талдау кезенінде: қарым-қатынас, адалдық, баға критериі, ар, жауапкершілік қалыптасады. Баланың оқыту объектісі ретіндегі позициясы оны мақсаттылық, жобалау, талдау әрекеттерінен толық немесе бөлектей айырады және дамудың шегінуіне әкеледі. Тек қана субъектінің сапалы әрекетінде өз бетімен дамуға, оң Мен-концепцияға қол жеткізуге болады. Сондықтан дамыта оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып субъектінің өзін тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.
Дамыта оқытуда бала іс-әрекеттің толық субъектісі болып табылады. Дамыта оқыту процесінде мұғалімнің негізгі тапсырмасы-өз бетімен танымды қалыптастыруға бағытталған оқу қызметін ұйымдастыру, қабілеттерді, оқушының өзінің белсенді өмірлік позицияларын дамыту және қалыптастыру.
Дамыта оқыту оқушыны қызметтің әрбір түрлеріне тарту формалары арқылы, яғни оқытуда дидактикалық ойын, дискуссия, сонымен қатар шығармашылық ойлау, ес, сөйлеуді байытуға бағытталған оқыту әдістерін қолданумен жүзеге асады.
Дамыта оқытудың орталық технологиялық түйіні-бұл баланың саналы мақсатқа сәйкес оқыту барысында өз әрекеттерін реттеу қабілеттіліктеріне негізделген баланың өзіндік оқу-танымдық іс-әрекеті.
Дамыта оқытудың мәні оқушының тек нақты білімдер мен дағдыларды игеруінде ғана емес, сонымен бірге оның әрекет тәсілдерін меңгеруі, өз оқу іс-әрекетін басқару мен құрастыруға үйренуі.
Оқу пәндерінің мазмұнын игеру негізіндегі оқу іс-әрекетінде дамыта оқыту оның құрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес жасалынуы керек. Сәйкесінше В. В. Давыдов оқу пәндерінің мазмұнын сипаттап қана қоймай, сонымен қатар оқу іс-әрекетінде бұл пәндерді игеру барысында оқушыларда қалыптасуы тиіс біліктерді сипаттайтын негізгі қағидаларды тұжырымдайды:
1. Жалпы және абстрактілі сипатты білімдерді меңгеру арқылы оқушылар неғұрлым жеке және нақты білімдермен танысады, соңғыларын оқушылар жалпы және абстрактіден өзінің бірыңғай негізі ретінде шығарады.
2. Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі бөлімдерін құрайтын білімдерді оқушылар олардың пайда болу шарттарын талдай отырып, меңгереді.
3. Белгілі бір білімдердің пәндік көздерін анықтауда оқушылар ең біріншіден оқу материалында берілген білімдердің объектісінің мазмұны мен құрылымын анықтайтын жалпы, мәнді, генетикалық бастапқы қатынасын табуды білу керек.
4. Бұл қатынасты оқушылар оның қасиеттерін таза күйінде үйренуге мүмкіндік беретін ерекше пәндік, графикалық немесе әріптік моделдерде іске асырады.
5. Оқушылар оқытылатын объектінің генетикалық бастапқы және жалпы қатынасын жалпыдан жекеге және кері бағытта өтуді ойлауды қамтамасыз ететіндей бірлікте нақтылай білуі керек.
6. Оқушылар ақыл-ой дәрежесінде әрекеттерді орындаудан оларды сыртқы дәрежеде орындау және кері бағытта орындауға білуі керек.
Дамыта оқыту жағдайларында әрбір оқушы білімдерді, біліктерді, дағдыларды игеру процесінде тек тәжірибелік емес, сонымен қатар ақыл-ой әрекетімен меңгеруінде. Бұл үшін осы әрекеттерді меңгеру объектісі ретінде және оларды саналы қолдануға жағдайлар жасау керек.
|