Международный универстет астана


ДӘРІС 5: МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет20/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit 2

5.1 ДӘРІС 5: МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1 Модульдік оқыту технологиясының негізгі ұғымдары және жалпы сипаттамалары

2 Білім беруде модульдік технологияны жүзеге асырудың негіздері

Дәрістік сабақтың қысқаша мазмұны:

1 Модульдік оқыту технологиясының негізгі ұғымдары және жалпы сипаттамалары

Технологиялық ғасыр оқытуды ұйымдаструыға жаңа бағыт берді, педагогикалық ғылым педагогиканың бес басты сұрақтарына жауап беруді міндеттеді: кім, нені, кімге, не үшін және қалай оқытады(шағын анықтамасы: қалай нәтижелі оқыту керек?). Оқыту үдерісінің барлық іс-әрекет түрлері мен ұжымдық субъектінің арасындағы табиғи байланысты талап етеді: оқыту үдерісінде психихологиялық және физиологиялық нормадан аспай отырып кепілденген нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

Сонымен, XX ғасырдың ортасында дидактика жүйелі амалдың әсерін сынап, бағдарламалап оқыту мәселелерінің шешу үшін оқытудың жаңа түріне көңіл аударды: оқушылардың ойлау іс-әрекет тәсілдірі мұғалімнің басқаруынсыз қалыптасуы, оқытудың репродуктивті түріне бағытталуы, оқу іс-әрекеті мотивациясын тудыру жолдары толық қарастырылмауы, шығармашылық іс-әрекеті тәжірибесін диагностикалауға мүмкіншіліктің болмауы, оқушылырдың есте сақтауына әдеттен тыс шағымдану. Аталған кемшіліктерді шешуді модулдік оқыту технологиясы

Модульдік оқыту технологиясы өз атауын «модуль» және «функционалдық байланыс» ұғымдарынан алды.

Модулдік оқыту негіздерін өз еңбегінде П. Юцявичене толық қарастырған. Кейіннен П. Юцявичененің идеяларын С.Я. Батышев, К.Я. Вазина, Н.Н. Суртаева, Т.Н. Шамова, М. Жанпейісова және тағы басқалары дамытты.

Модульдік оқыту келесі негізгі идеясына негізделген: оқушы өзі оқып, ізденуі керек, ал мұғалім оның оқуын басқаруға, ұйымдастыруға, кеңес беру мен бақылауға міндетті.

Аталмыш технологияның авторларының пікірлері бойынша, бұл технология педагогиканың теориясы мен тәжірибесінде жинақталған барлық озық тәжірибелерді өзіне кіріктіреді.

Сонымен бағдарламалап оқытудан оқушылардың белсенділік идеасы алынады: оқыту үдерісінде оқушылар өзін-өзі бақылау негізінде өз іс-әрекеттерін үнемі бекітіп, оқу-танымдық іс-әрекеттерінің қарқынын дараландырып белілі бір логикалық ретте нақты іс-әрекет орындайды.

Модулдік оқыту кибернетикадан оқушылардың іс-әрекетін икемді басқарудан өзін-өзі басқаруға ауысатын идеаны алды. Психология ғылымынан рефлексивті амалдарды қолдану тәжірибесін қабылдады. Теория мен тәжірибеде жалпы жинақталған оқытуды саралау, оңтайландыру модулдік оқыту негізіне, құрастыру ережелері мен қағидаларына, оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары мен әдістерін іріктеп алуға кіріктіріледі.

Н.Д. Никандрованың пікірінше, модульдік оқыту оның динамикалығымен сипаталады, бұл элементтердің, модулдердің және олардың мазмұнының көпнұсқалы болуына байланысты: оның икемділігі саралап және даралап оқытумен байланысты, олар оқушының білім деңгейін, іс-әрекетінің жеке қарқынын, қажетілігін, анықтау мақсатымен көп қайталанатын диагностикаға негізделген.

Егер оқыту үдерісінде модуль ұғымын қарастыратын болсақ, онда оны білім беру мазмұнының біртұтастық бөлімі деп айтуға болады, ол өзіне белгілі бір ақпарат көлемін, жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін сонымен қатар білім берудің басқа да эленттерінің байланысын кіргізеді .

Модуль – бұл ақпараттар болгы, ол оқу материалының логикалық аяқталған бірлігін, қойылған мақсатқа қол жеткізетін әрекеттерді орындау бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларды қамтиды.(П. Юцявичене, 1990).

Модуль – аяқталған ақпарат жүйесі.

Модуль – міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі.

Модуль – модудік бағдарламаның оқу элементтерінен құралатын және дидактикалық мақсатты іске асыратын шартты өзіндік диалектикалық бірлік.

Модульдік оқытудың мәні оқушы толығымен өздігінен (немесе белгілі бір адамдардың көмегімен) модульмен жұмыс істеу барысында оқу-танымдық қызметінің нақты мақсаттарына жетеді. Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.

Оқу пәндерінің модулдік бағдарламаларын жасауда, модуль деп оқу материалының мазмұнын концептуалды бірлігін түсінуге болады, яғни курс тарауын.

Модульдің басты белгісі оның дербестігі және белгілі бір үдерістің, құбылыстың тәуелсіз бірлігі мен мағыналы аяқталу ретінде қарастыруға болады. Бірақ, бір мезгілде модуль белгілі бір жүйенің бөлімі болып табылады («техникалық құрылғының», «ұйымның»). Сондықтан, модульдің құрамына оның басқа модульдермен, жүйе элементтерімен байланысы да кіреді. Модуль іштей дербес, бірақ сырттай бағынышты, онсыз жүйе әрекет ете алмайтын маңызды буын. Модулді қалыптастыратын негіз пәннің жұмыс бағдарламасы болып табылады. Модуль пәннің тақырыбымен немесе бір-бірімен байланысқан тақарыптар блогымен жиі үйлесіп отырады. Бірақ, тақырыптардан ауытқу, модульде: тапсырма беруде, білім алушылардың сабаққа қатысуында, оқушылардың деңгейін бастапқы, аралық және қорытынды бақылауда ескеріледі және бағаланады.

Модульде оқыту мақсатары, міндеттері және оқып-үйрену деңгейлері нақты анықталған және оқушылар меңгеруі тиіс дағдылар мен біліктер аталған. Модульдік оқытуда барлығы алдын ала бағдарламаландырылған: оқу материалын үйренудің бірізділігі, негізгі ұғымдардың тізімі, меңгеруі тиіс дағдылар мен біліктер, меңгеру деңгейі және меңгеруді бақылау. Модульдің саны пәннің ерекшелігіне және оқытуды бақылаудың жиілігіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет