2 Проблемалық оқыту технологиясын қолданудың негізі ерекшеліктері
Проблемалық оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділіктері, қызығулары, ой-өрістері, шығармашыл ойлары жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.И. Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясы сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (мәселе) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемалық оқыту элементтерін оқыту үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың алғырлыққа және тапқырлыққа ынтасын арттырады, оқу материалын, терең шығармашылықты меңгеруге дағдыландырады. Проблемалық оқытуда оқушыларды топтарға бөліп, пікірлесудің топтық жұмыстарының тиімділігі зор, өйткені оқушылар өздеріне берілген проблемалық сұрақтар төңірегінде топ болып пікірлесіп, өз тобын қорғауға әзірленеді.
Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық жағдайды, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегін шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық – ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Проблеманы шешу проблемалық сұрақ, тапсырмаларға байланысты жүретін үрдіс.
Проблемалық сұрақ –бұл ойлау арқылы шешім табуды талап ететін проблемалық есептің құрамындағы немесе жеке алынған оқу сұрағы.
Проблемалық тапсырма –бұл оқушыларды проблемалық жағдайға қою мақсатымен проблемалық есеп немесе проблемалық сұрақ түрінде құрастырылған мұғалімнің, әдіскердің немесе оқулық авторының оқыту тапсырмасы
Проблемалық сұрақ, тапсырмалардың өзі оқушыларды ғылыми-ізденіс, зерттеушілік іс-әрекеттерге баулиды. Себебі ол оқушылардың белсенді дербес еңбегі, шығармашылық ізденісіне негіздел
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқу материалының мазмұнын есте сақтау үшін дайын түрде емес, керісінше проблемалық есептің құрамындағы белгісізді іздеп, шешімін өзінді кіздені сәрекеті нәтижесін демең гереді.
Проблемалық оқытуға негізделген зерттеу-іздендіру бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігін төмендегі салыстырмалы кесте арқылы дәлелдеуге болады.
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін проблемалық сұрақтар баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек.
Сабақты өткізу барысында келесі проблемалық жағдайды туғызу тәсілдерін қолдану қажет:
- Оқушыларды, сабақта өтетін жаңа материалды игеруге бағыттылған қорытындыға әкелу;
- Меңгерілген және меңгерілетін материалды бір бірімен салыстыру және қарсы қою;
- Оқушыларға, бар шешімдер қатарынан дұрыс шешімдерін іріктеп алу мүмкіншіліктерін туғызу;
Сабақ барысында проблемалық жағдайды жасау үшін келесідей шарттарды ұстанған қажет.
Мұғалімнің оқушыларға практикалық және теориялық тапсырма беру арқылы аталған тақырып бойынша меңгеруге қажетті жаңа білім немесе әрекет тәсілдерін таңдап алуға мүмкіндік береді.
Проблемалық тапсырма оқушылардың интелектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.
Оқушыларға проблемалық тапсырма бергенде, мұғалім олардың нақты білім деңгейімен санасуы қажет.
Проблемалық тапсырма ретінде оқу есептері, сұрақтары, практикалық тапсырмалар т.б. болуы қажет.
Меңгеруге тиісті бір сұрақ көлемінде, әр түрлі тапсырмалар түрінде проблемалық ситуациялар пайда болуы мүмкін.
Егер оқушы проблемалық жағдайдан шыға алмаса, яғни шешім таба алмаса, мұғалім пайда болған жағдайды тұжырымдап, не себептен орындалмағанын көрсету қажет және жаңа шешімді табу үшін жаңа оқу материалын түсіндеруге кірісу қажет.
Проблемалық жағдайдың туындауын әрдайым есепке алу:
Оқушылардың білім-біліктерінің арасындағы әртүрлі қарама-қайшылықтарды;
Бар білімді пайдалану жолымен жаңаны айту мүмкін еместігін түсіну;
Оқушылар проблеманы түсіну үшін жаңа білім-біліктерді меңгеру керектігін түсіну;
Оқушылардың шешіліп жатқан проблемаға деген ынтасы болуы;
Сұрақтарды ретке келтіру кезінде келесі проблемалық жағдайды құру ережелері қолдану қажет:
Танымдық тапсырма оқушылардың білім-біліктеріне сәйкес келуі;
Проблемалық тапсырма оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктеріне сәйкес болуы тиіс;
Қиын проблемалық тапсырмаларды бөлу;
Әр проблемалық тапсырмада бір белгісіз элемент орындалады.
Сабақты жүргізу кезінде келесі проблемалық оқыту деңгейлерін қолдану керек:
Оқытушы жаңа оқу материалын гипотез формасында хабарлайды;
Проблеманы оқытушы құрастырады, ал проблеманы шешуге оқушылар қатысады;
Оқытушы проблеманы қояды, алоқушылар оны шешеді;
Оқушылар өздері проблеманы қойып, өздері шешеді;
Проблемалық оқыту жағдайларында келесі ақыл-ой ізденіс құрылымын қолдану керек:
- Проблемалық жаңдайды құрастыру;
- Проблемалық жағдайдың талдау;
- Шешу жолдарын алға жылжыту;
- Ойлау (ақыл-ой және практикалық) операцияларын, проблеманы шешуге бағытталған:берілгендердің талдау, салыстыру, синтез, т.б.
- Жалпы қорытынды шығару
- Қорытындыны түзету.
|