2.2. ДӘРІС 8: ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жобалау технологиясының даму тарихы
Жобалау әдісі кәсіби білім беруде пайдалану
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:
1 Жобалау технологиясының даму тарихы
ХХ ғасырдың жартысында педагогиканың прагматикалық негізінде жобаланған Джон Дьюидің жобалау технологиясы заманауи ақпараттық қоғамда ерекше орын алуда. Жобалау әдісі әлемдік педагогикада жаңалық емес: ол оқыту тәжірибесінде В.Килипатриктің «Жобалау әдісі» (1918), атты мақаласының жарыққа шықпай тұрған кезінде айтарлықтай ерте қолданыла бастады, бұл мақалада «шын жүректен іске асатын ойлар» анықтамасын берген болатын. Жобалау әдісі 1905жылы атақты болатын. С.Т.Шацкийдің бастамасымен бір топ ресейлік педагогтармен бұл әдісті білім беру тәжірибесіне енгізу жұмыстары жүргізілген болатын. Революциядан кейін жобалау әдісі мектептерде Н.К.Крупскаяның жітік бақылауында қолданылды. 1931жылы ЖКП ОК-нің үкімі бойынша жобалау әдісі кеңес мектептеріне жад нәрсе деп танылып, 80жылдардың соңына дейін мүлдем қолданылмаған.
Жобалау технологиясы американдық және жапон мектептерінде кең таралған. Латын тілінен аударғанда «өз бетінше жол іздеу» («алға лақтырылған») деген мағынаны білдіреді. Жобалардың көп түрлері бар, бірақ білім беруде біреуі ғана қолданылады. Оқу-танымдық жоба – бұл нәтиже сапасына деген нақты талаптар, нақты ұйымдастыру, оқушылардың проблеманы шешудегі өзіндік ізденуі негізіндегі білім жүйесінің уақытқа шектелген, мақсатқа бағытталған өзгерісі. Белгіленген уақытта (1 сабақтан бастап 2-3 айға дейін) оқушылар танымдық, зерттеушілік, құрастырушылық не басқа да тапсырмаларды шешеді. Оқу-танымдық проблеманы шешу кезінде жаңа білімдерді алу өте қажет.
Жоба – мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше
проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі.
Жобамен жұмыс жасауды ұйымдастырудың негізгі шарттары:
Мұғалімнің кәсібилігі, жобалық әдістеменің ерекшеліктерін білуі, жобалық іс-әрекет үдерісінде оқушылардың дамуының үлкен мүмкіншіліктерін білуі;
Оқушыларды оқыту және олардың жобалау технологиясын игеруі (мақсатты, тапсырманы белгілей білуі, зерттеу затын көруі, болжамды белгілеуі, өзінің және жолдастарының іс-әрекетін жоспарлауы). Жоспарланған жұмысты нақты, жүйелі түрде орындай білу қабілеттілігі жобаның мақсатына жетудің, жобаны жасауға қатысатын оқушыларды дамытудың белгілі бір шарты болып табылады;
Оқушылардың жоба жұмысына қатысуына ұмтылуы, пән бойынша білімдерді және жалпы оқытудың интеллектуалдық біліктерін белгіленген деңгейде меңгеруі;
Мұғаліммен және жоба бойынша оқушылармен бірігіп бастаған жұмысты кезең бойынша оның аралық нәтижелерін мұғаліммен келісе отырып соңына дейін жеткізу керек;
Жобалық іс-әрекеттің әдістемесі:
Проблеманы таңдау, оның нәтижесінің практикалық маңыздылығын негіздеу;
Мақсатты және әр кезең бойынша тапсырмаларды анықтау;
Жұмыстың көлемін, мақсатқа жетудің құралдары мен әдістерін, басқа заттармен байланысын, алдын-ала анықталған күрделілігін, барлық жұмысты кезеңдерге бөлуін анықтау;
Болжамды құрастыру, ойды жүзеге асыру;
Жобаны жүзеге асыруға орындаушыны немесе топты таңдау. Жобаның әр кезеңдегі міндеттерді қатысушыларға жалпыға бірдей тең құқылы бөлу;
Жобаны жоспарлағанда оның жалпы моделін және оның құрылымын ойлап қою қажет;
Жобалау әдісінің негізінде оқушының танымдық қабілеттіліктері, өз білімін өз бетімен еркін құрастыру, ақпараттық кеңістікте бейімделуге үйрену, сыни тұрғыдан және шығармашылық ойлаудың дамуы жатады. Әдіс – бұл дидактикалық категория. Бұл белгілі саланың, кез-келген жұмыс саласының тәжірибелік және теориялық операцияларын меңгерудің амалдар жиынтығы. Бұл танудың жолы және ұйымдастыру тәсілі.
Жобалау әдісі әрқашан оқушының өздігінен жұмыс істеу саласына бағытталған – оқушылардың белгілі уақыт аралығында орындайтын жеке-даралық, жұптық, топтық жұмыстар. Жобалау әдісі қандайда бір қиыншылықтың шешімін ұсынады. Жобалау әдісі педагогикалық технологиясына зерттеулік, ізденімпаздық, әдістердің қиыншылықтардың жиынтығын ұсынады.
Жобалау әдісінің басты міндеті, әртүрлі пәндік саланың кіріктірілген білімнің талаптарына тәжірибелік тапсырмалар мен қиыншылықтарды шешу барысында оқушының өздігінен білімді игеру. Егер жобалау әдісін педагогикалық технология деп айтсақ, бұл технология зерттеулік, проблемалық әдістің, өзіндік шығармашылық жиынтығын ұсынады. Оқытушыға жобалау шеңберінде құрастырушы, координатор, эксперт және кенесші рөлі беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |