Международный



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата16.05.2023
өлшемі360,96 Kb.
#93785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
УНИВЕРСИТЕТ АСТАНА 
Бағдарламалармен қамтамасыз ету: жүйелік бағдарламалар, қолданбалы 
бағдарламалар. 
Пән саясаты 
Университеттің келесі ішкі нормативтік құжаттарында қамтылған қағидаларды қатаң сақтау қажет: 

«Астана халықаралық университетінің жарғысы»; 

Академиялық саясат; 

Академиялық адалдық ережелері (ПР-MУA 001-21); 

Оқытушының ар-намыс кодексі (П-MУA 005-19); 

Студенттік ар-намыс кодексі (П-MУA 006-19); 

Студенттердің ішкі тәртіп ережелері (ПР-MУA 007-20); 

Ішкі еңбек тәртібі (ПР-MУA 008-20); 

АХУ жазбаша жұмыстарында
басқа авторлардың мәтінін пайдалануын тексеру тәртібі туралы ереже (ПР-МУА 
006-20); 
Практикалық/зертханалық жаттығулар, СӨЖ дербес, шығармашылық болуы керек. Бақылаудың барлық кезеңдерінде 
плагиатқа, жалғандыққа, шпаргалка пайдалануға, алдауға жол берілмейді. Тапсырмаларды уақытылы орындамау ұпай 
жоғалтуға әкеледі! 
Дәріске қатысу 90 балл. Дәріске қатыспаған жағдайда «болған жоқ» деп белгіленеді. 
 
Аттестациялау 
және бағалау 
саясаты 
Студенттің оқу жетістіктері әрбір оқу түрі бойынша жеке 100 баллдық бағалау шкаласы бойынша 
(академиялық саясатқа сәйкес) апта сайын бағаланады.
Пәнді оқу ауызша емтихан формасында аяқталады, ол барлық өткен материалдарды қамтиды. 
Бағдарламада көзделген барлық тапсырмаларды орындау емтиханға жіберудің міндетті шарты 
болып табылады. Ағымдағы және аралық бақылау нысандары шығармашылық жұмыс сипатында
өткізіледі. Жеке жұмыс түрлері студенттің нақты құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында пәннің 
ерекшеліктерін ескере отырып бағаланады. Ауызша жауаптар дәріс, семинар/практикалық 
сабақтарда жүргізіледі. Бір сабақта бір немесе бірнеше тақырыптардың оқу материалдары 
қамтылады. Жазбаша жауапқа сұрақтарға жауап беру, оқу материалдарын талдау, сипатттау, 
салыстыру, кесте толтыру, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, сызбалар мен график, 
диаграммалар сызу, идея немесе мәселелерді презентациялау, хабарлама, тезис, баяндама, 
реферат жазу сияқты тағы басқа жазбаша орындалатын тапсырмалар жатады. Бұл тапсырма 
түрлері сабақ үстінде, алдын ала орындап келуге де беріледі. Эссе - ғылымның, өнердің, өз 
тәжірибесінің, қоғамдық іс-тәжірибенің және т.б. басқа салаларынан идеяларды, 
тұжырымдамаларды, ассоциативті бейнелерді пайдалану кезінде білім алушының ғылыми 
мәселеге қатысты өзіндік жазбаша шығармасы. Педагогикалық жағдаяттар кәсіби мәселені 
оңтайлы шешу жолын түсіну мақсатында орындалады. Мысалға: 
Ауызша жауапты бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері: 
1) баяндалатын материалдың толықтығы, негізгі ұғымдарды дұрыс анықтау – 40 балл; 
2) материалды түсіну дәрежесі, өз пайымдауларын негіздей білу, оқулықтан ғана емес, өз бетінше 
құрастырылған қажетті мысалдарды келтіре білу – 40 балл; 
3) ғылыми және әдеби тіл нормалары тұрғысынан материал дәйекті және дұрыс ресімделген – 20 
балл. 
Жазбаша жауапты бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері: 
1) зерттелетін пәндік саланың негізгі процестерін білу, мәселені ашудың тереңдігі мен 
толықтығы – 30 балл; 
2) терминологиялық аппаратты меңгеру және оны жауап беру кезінде пайдалану – 30 балл; 
3) құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің мәнін түсіндіре білу, қорытынды жасау және 
жалпылау-30; 
4) салынған материалдың қисындылығы – 10 балл. 
Эссені бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері: 
1) мазмұнның берілген тақырыпқа сәйкестігі – 20 балл; 
2) ұсынылған тақырыпты ашу, өз көзқарасын білдіру, мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастарды 
салыстыру, пайымдау, әсер ету – 40 балл; 
3) өзіндік ерекшелігі мен дербестігі – 20 балл; 
4) жұмыстың сауаттылығы -20 балл. 
Педагогикалық жағдаяттарды бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері: 
1) педагогикалық жағдаяттың мәнін түсіну (өзара әрекеттесу субъектілерінің ұстанымдарын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет