«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет112/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту: түтікті ұстағышқа түтік қақпақшасы кіргенге дейін енгізу – қанныңағуын қамтамасыз етеді, ине резеңкілі мембрананы және түтік қақпақшасының тығынын теседі. Жасалған вакуум теңелту жасамағанша, қан түтікке өтеді. Қанның ақпауы - венаны өтіп кетіп тесу көрсеткіші. Бұл жағдайда түтікке қан тұспегенше инені (шығармай) тарту қажет.
  • Ине ұстағыштан түтікті алғанда резеңке мембрана түпкі қалыпқа келеді, ине бойынша қан ағымы жабылады. Дәрігердің тағайындағанына байланысты әртүрлі түтіктерді қолдану қажет.





Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу


Мақсаты: диагностикалық
Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, масканы, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.


  • Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.


  • Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.


  • Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз).


  • Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.


  • Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз(стандартты қараңыз).


  • Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.


  • Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.


  • Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.


  • Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).


  • Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.


  • Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын,сосын оны қысуын сұраңыз.


  • Қолғаптытері антисептигімен өңдеңіз.


  • Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.


  • Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.


  • Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.


  • Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).


  • Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.


  • Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.


  • Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.


  • Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.


  • Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.


  • Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз.


  • Қаны барпробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.


  • Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.


  • Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.


  • Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.


  • Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту:
  • биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;


  • ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;


  • қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;


  • шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).


  • жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;


  • вакутайнер (BD VACUTAINER) - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу- медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет