«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет115/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Қолдану көрсетілімдері: тынысалу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.
Дайындаңыз:
  • сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палата нөмірін, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін).




Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның келісімін алыңыз.


  • Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.


  • Науқастан сұраңыз:


  • таңертең, қақырықты жинауға 2 сағаттай қалғанда тісін тазалауды;


  • тұп-тура қақырық жинар алдында ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;


  • тік тұруын немесе тік отыруын;


  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды;


  • бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.


  • Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.


  • Жиналған қақырықты қарап, бір сағаттан кешіктірмей лабораторияға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.





Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау


Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: 3арнайы шыны контейнерді немесе сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес кең мойынды тығыз бұрандалы қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді. Тұнық контейнердің қыр бетіне белгі салыңыз (науқастың аты-жөнін, алған күнін, идентификациялық номерін, ФТБ-05 жолдамасын толтырыңыз, белгі салынған металды биксты, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет