«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау



бет126/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау


Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.
Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.


Іс -әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.


  • Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.


  • Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.


  • Резеңке қолғапты киіңіз.


  • Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.


  • Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.


  • Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту:
  • қалыпты нәтижеде – кері реакцияда, зәрдегі глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).





Розин байқауын жүргізу
(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)


Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).
Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт- ректификатпенбелгіге дейін құяды), немесе Люголь ерітіндісімен, таза құрғақ, шыны пробирканы, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған ыдысты.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.


  • Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.


  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • 4-5 мл зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.


  • Пробирканың қабырғасы бойымен абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ерітіндісін тамызғышпен тамызыңыз.


  • Қараңыз: пробиркадағы ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егер де билирубин болса).


  • Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


  • Қолданған тамызғышты, пробирканы, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет