«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Бактериологиялық зерттеугетікелей тік ішектен нәжісті алу



бет134/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Бактериологиялық зерттеугетікелей тік ішектен нәжісті алу


Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағыадамдарды (реконвалесцентті) тексеру.
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу,жедел ішек инфекциялары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған пробирканы, материалды алуға арналған өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті, тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.


  • Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.


  • Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробирканы стеклографпен белгілеңіз.


  • Пробирканы штативке орнатыңыз.


  • Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.


  • Оң қолмен тік ішектік ілгекті пробиркадан шығарып алыңыз.


  • Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.


  • Тік ішектің қабырғасынан (өзегінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.


  • Пробирканыңшетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.


  • Пробирканыштативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.


  • Биксті «кілтке» жабыңыз.


  • Қолғапты, масканы, шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет