«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Цистоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші кызметін атқарады



бет140/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Цистоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші кызметін атқарады.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.


  • Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.


  • Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.


  • Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.


  • Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.


  • Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.


  • Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.





Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау
іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек


Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.
Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.


  • Дайындау ережесін бұзыуының.


  • Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.


  • Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайтын дәрілер.


  • Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.


  • 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.


  • Зерттеу қарсаңыңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.


  • Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.


  • Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.


  • УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.


  • Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.



Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):
  • науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;


  • науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін ескертіп қойыңыз;


  • науқастанзерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет