«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау. Дайындаңыз



бет136/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.
ФГДС-ті дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарады.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.


  • Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.


  • Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.


  • Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.


  • Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).


  • Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.


  • Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.




Ескерту:
  • т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;


  • биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.





НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ


Колоноскопия – бұл аспаптық әдіс. Жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігін эндоскоптың иілгіш сүңгісі көмегімен зерттеу.
Әдістің диагностикалық маңызы: Колоноскопия жуан ішектің сілемейлі қабығын тұп-тура қарайды. Эндоскоп жуан ішектің кез-келген бөлігіне анал тесігі арқылы енгізіледі. Қарағанда қабыну үдерісі, ішкі геморрой, сызат, эрозия, қан құйылу, қатерлі ісікті табылады. Әдісте мазок жағынды алу, шырышты қабаттан соскобты жасау. Биопсия жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет