«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі. Науқастың бойын өлшеу



бет20/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.

Науқастың бойын өлшеу


Мақсаты:науқастың физикалық дамуын бақылау.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Дайындаңыз:бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.


  3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.


  4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.


  5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.


  6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.


  7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.


  8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.


  9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.


  10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.


  11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту:бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.

Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту


Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет