Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері:халі ауыр жағдайдағы науқас.
Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.
Дайындаңыз:суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.
Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.
Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.
Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.
Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жекебас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.
Дайындаңыз:жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналғанстанокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.