Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастан тіс протезін шешуді (алуды) сұраңыз,оны арнайы шыны аяққа салыңыз.
Шыны аяқтағы тіс протездерін, тіс щеткасын, пастаны, үлкен шыны аяқты, салфетканы, сүлгіні, раковинаға жақындатыңыз.
Қағаз салфеткасын қолдана отырып, су құбырының шүмегін ашыңыз.
Тіс щеткасын салқын сумен суландырып, оған тіс пастасын салып, щеткамен тіс протездерін ұқыпты тазалаңыз, оны раковина үстінде қолға ұстап отыра, өзіннен щеткіні бағыттай отыра.
Ағынды судың астында тіс протездерін шайқаңыз.
Тіс протездеріне арналған шыны аяқты шайқаңыз.
Протездерді шыны аяққа салыңыз.
Қағаз салфеткасын қолдана отырып ,су құбырының шүмегін жабыңыз.
Науқасқа көмектесіңіз тіс протездерін киюге.
Қолғапты шешіңіз, оларды зарарсыздандыруға арналған ыдысқа салыңыз.
Қолыңызды жуып , кептіріңіз.
Егер де науқас өздігінен протездерді ала алмаса, онда салфетканмен алу қажет, үлкен және сұқ саусақтармен тіс протезін мықты ұстап, шайқалу (тербелеу) қозғалыспен ептеп протездіалып, шыны аяққа салыңыз.
Түнгі уақытта протездер шыны аяқта болуы керек.
Егер де науқас осы уақытта оларды кигісі келмесе – шыныаяққа протездерді қалдырып, оған су құю қажет, ол толығымен протезді жабу керек.