«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу



бет5/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу


Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.
Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.


  2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.


  3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.


  4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (350-400С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизм-дермен қолдың жанасуын қорғайды.


  5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:


  • алақанды алақанмен;


  • сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;


  • алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;


  • оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;


  • үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;


  • сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.


Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.


  1. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз.


  2. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.


  3. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақтышүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.





Ескерту:
  • қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;


  • 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда айрықша көңіл бөліңіз.


  • Науқасты тексергеннен кейін немесе емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей сабындапқолды 2 рет жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады.Қолды тазартқаннан кейінсүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;


  • тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады;


  • жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет