Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен (шариктерімен) тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.
Поршень жағынан орауды ашыңыз.
Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.
Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз.
Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.
Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.
Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіп,тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара).
Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек.
Ампуланың мойнын тері антисептигіменсуландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз.
Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны өзіңізденжылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек.
Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.
Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IVсаусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.
Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.
Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.
Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).
Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.
Шприцті дәрілік ерітіндісімен,тері антисептигіменсуландырылған мақта шариктерінораудың ішкі бетіне салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.