«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Суппозиторийді (балауызды) тік ішек арқылы енгізу



бет80/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Суппозиторийді (балауызды) тік ішек арқылы енгізу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).
Дайындаңыз:тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.


  • Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).


  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.


  • Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.


  • Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).


  • Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.


  • Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.


  • Қолғапты шешіп, Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.




Ескерту:
  • суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;


  • суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.





Дәрілік ерітіндіні теріге ЖАҒУ


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет