«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау



бет127/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау


Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.
Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, пробирканы.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.


  • Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.


  • Ораудан ұзынша-сопақтестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.


  • Қолғапты киіңіз.


  • Зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.


  • Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.


  • Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.


  • Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу
(әйелдер үшін)


Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатынконтейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.


  • Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.


  • Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет