Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
3 күн бұрын зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады; Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатыладыдеп науқасқа мәлімет беріңіз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.
Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу мақсатқа арналған емдәмді, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге дейін 5 күн қалғанда қолданылады, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.
Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:
нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет;
ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.
Науқас қолғапты шешіпконтейнерге салады, қолын жуып, құрғатады.
Контейнерді нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. Жолдамада көрсетіңіз (бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын).