«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет157/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Биологиялық өлім – бұл организмнің тіршілік қызметінің қайтарылмайтынтоқтауы.
Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:
  • тыныс алуы толық тоқталады (апноэ);


  • қан айналымы тоқталады (асистолия);


  • ес-түсі жоқ (кома);


  • көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды;


  • «мысық көз» белгісі;


  • дене қызуы төмендейді;


  • өлік дағы пайда болады;


  • өлік сіресіп қатып қалады.




ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты,бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін.


Іс- әрекет алгоритмі

  • Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлықнауқастың медициналық картасына жазады, оның өлген күні мен уақытын көрсетеді.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  • Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында болуы керек.


  • Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.


  • Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, олардың тізімін құрастырыңыз және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беріңіз.


  • Егерде бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлықнауқастыңмедициналық картасына тіркеңіз.


  • Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.


  • Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады.


  • Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазыңыз.


  • Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілгентолтырылған құжатпенөлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.


  • Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егерде туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаңыз.


  • Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.


  • Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады.


  • Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.




Ескерту:
- паталогоанатомиялық бөлімшеге өлікті 2 сағаттан кейін апарады,
  • Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер айқындайды, ол өлімніңклиникалық диагнозын және себептерін көрсетіп анықтама береді.


  • Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе операциядан кейінгі дренаждарды, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет