«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет150/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту:
  • емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;


  • зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);


  • асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егер де шприцке сұйықтық түспесе, онда сүңгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;


  • асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге еңгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;


  • бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;


  • егер де ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылытқыш қойылмайды;


  • лабораторияға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.





ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ


Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу
Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:


Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы).
  • Науқастың қал-жағдайы туралы дәрігерге хабарлаңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.


  • Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Жедел дәрігерді шақырыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғы арасына шылапшынды қойыңыз.


  • Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егер де олар болса).


  • Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын алдынан ұстаңыз.


  • Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.


  • Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


  • Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз.


  • Белгісіз умен уланғанда құсықты контейнерге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.


  • Дәрігердің нұсқауы бойынша құсықтылабораториялық зерттеуге жіберіңіз.


  • Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет