Науқаспен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.
Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Кереуеттің тежеуін бекітіңіз.
Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егер де ол болса).
Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.
«Арқасымен жатқан» қалыптағы науқасты кереуеттің шеті жағына жақындатып жылжытыңыз.
Науқасты оң жаққырына бұрғанда сол аяғын бүгу, егер де сіз науқасты оң жаққырына бұрғыңыз келсе, онда науқастын аяғын тізе буынынан, оң тізе астындағы ойысқа сол аяқты тығып жіберіңіз.
Бір қолыңызды науқастың иығына қойыңыз, екіншісін санына, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз (буынныңжәне ұлпалардың жарақатын азайту үшін).
Тізеден бүгілген санға бір қолды, ал екіншісін – мейірбикеге қарама-қарсы иығына «рычаг принципін» қолдана отырып салыңыз, науқасты қырына бұрыңыз.
Науқастың басының және мойнының астына жастықты салыңыз (мойынды қырына бүгілуін және төс-бұғана –емізікшелік бұлшық етінің кернеуін азайту үшін). Жауырынды алға жылжытыңыз (иық буынына дене салмағыныңәсер етуінен қорғау үшін).
Науқастың екіқолына сәл бүгілген қалыпты беріңіз. Жоғарғы жатқан қолы, дене иық және бас деңгейінде жату қажет (иық буындарын қорғау және кеуде торысыныңқозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясын жақсарту).
Шынтақтан бүгілген келесі «төменгі» қолын басыныңқасындағы жастыққа салыңыз.
Науқастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз (науқасты қыр қалпында ұстау үшін).
Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяктың түзулігінқамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ басы сүйектерінің шығынқы жері аймағыныңқысуын болдырмау, аяктың жазылуынболдырмау).
«Төменгі» аяқтың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауыналдын ала ескерту және аяктың сыртқы бүгілісінқамтамасыз ету).
Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.
Кереуетті түсіріп және порученді көтеріңіз (науқастыңқауіпсіздігінқамтамасызету).
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.