Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.
Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).
Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.
Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.
Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.
Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.
Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.
Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.