Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.
Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.
Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.
Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.
Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).
Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.
Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.
Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.
Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.
Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.
Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.
Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;