«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет52/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Су балансын анықтау және есептеу


Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.
Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа су ішуге және зәрді жинауға арналған өлшемді ыдысты даярлаңыз.


  • Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.


  • Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.


  • Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.


  • Науқасқа таңертең сағат6:00-де зәрінунитазға жіберу қажеттігін түсіндіріңіз.


  • Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күннің таңертеңгі сағат6.00дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.


  • Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы -тәуліктік диурез болады.


  • Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.




Бөлінген сұйықтық

Бөлінген зәрдің уақыты


Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)










Барлығы:





  • Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет