«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет60/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Мұзды мұйықты қолдану


Мақсаты: қантамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері:ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері:ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.


  • Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.


  • Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.


  • Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.


  • Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.


  • Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.


  • Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.


  • Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.


  • Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.




Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.

Қыша қағаздарын қою


Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет