«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру



бет55/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру


Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.


  • Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.


  • Енгізетін сүңгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз


  • Қолғапты киіңіз.


  • Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз(сүңгіні суландыру үшін).


  • Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.


  • Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.


  • Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз.Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, сүңгіні белгіленген белгісіне дейін,жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз).


  • 30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырыңыз.


  • Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.


  • Фонендоскоптың бақылаумен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).


  • Сүңгіге қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Сүңгінің сыртқы шетін лотокқа салыңыз.


  • Сүңгіні жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.


  • Сүңгіден қысқышты (тығынды) алып, құйғыны немесе Жане шприцін поршенсіз сүңгінің бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.


  • Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының аузында тамақ қалмағанша.


  • Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.


  • Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.


  • Сүңгінің шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).


  • Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет