«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады. Салқын компресті қою



бет63/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.

Салқын компресті қою


Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.


  • Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.


  • Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.


  • Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызуы дененің қызуымен тез теңесіп кетеді.


  • Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.




Ескерту: бүкілемшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

ЫЛҒАЛДЫ Қыздыру және дәрілік компресТерді қою


Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.
Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялық ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет