«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет95/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.


  • Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.


  • Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.


  • Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигіменөңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.


  • Болжамды тесетін жерді 5спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.


  • Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.


  • VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.


  • Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.


  • Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.


  • Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.


  • Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.


  • Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.


  • Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.


  • Плевра қуысынан шыққан сұйықтықтыбаяулатужәне талықсудың дамуын ескерту үшінкеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.


  • Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.


  • Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


  • Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.


  • Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.


  • Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.


  • Алынған биологиялық материалды зерттеуге лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.




Ескерту:
  • плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;


  • плевра сұйықтығын лабораторияға апару кешіктірілуді күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;


  • ине плевра қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет