«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйеГІН ТЕСУГЕ (пункциясына) дайындау



бет98/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйеГІН ТЕСУГЕ (пункциясына) дайындау


Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларының диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, тері антисептигін, 5 спиртті йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.


  • Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.


  • Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.


  • Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.


  • Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.


  • Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигіменөңдеңіз, қолғапты киіңіз.


  • Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спиртті йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын тері антисептигіне спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.


  • Жұмсақ тіндерге қабаттау инфильтрациялық анестезиясын (жансыздандыруды) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде төс сүйегінің ортасына жүргізіңіз.


  • Кассирский пункциялық инесінешектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.


  • Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.


  • Заттық әйнекті кептіріңіз.


  • Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен немесе тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған таңғышты салып, лейкопластырьмен бекітіңіз.


  • Қолғапты шешіңіз.


  • Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  • Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.


  • Науқасты палатаға апарыңыз.


  • Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.




Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Ол иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет