«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды



бет97/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды
жұлынды (люмбальды) ТЕСУГЕ дайындау


Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).
Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 5 мл, 10 мл, 20 мл шприцтерді инелерімен, тесуге арналған мандрені баринені, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, тері антисептигін, 5 спиртті йод ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.


  • Асептика ережесін қатал жағдайда сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.


  • Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.


  • Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).


  • Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.


  • Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз,қолғапты киіңіз.


  • Тесетін жердің терісін 5 йод ерітіндісімен, сонан кейін тері антисептигімен, ал сосын иодпен тазартыңыз.


  • Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыруды) жүргізу үшін 0,5 новокаин ерітіндісін шприцке сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренімен лотокқа салып беріңіз.


  • 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.


  • Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.


  • Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.


  • Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.


  • Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.


  • Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.


  • Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.


  • Науқастың хал-жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.


  • Қолғапты шешіңіз.


  • Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


  • Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет