Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алыңыз, лотокқа салыңыз.
Протарголы бар флакончикті ашыңыз.
0,1 г протарголы бар ыдысты (флакончикті) алып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз немесе антисептикалық затты езуге залалсыздандырылған ыдысты қолданыңыз.
Ыдысты (флаконды) тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.
Ескерту: аспадағы марганец қышқылы калийді қолданғанда 50 мг марганец қышқылы калий және 10 мл дистилденген суды алу қажет.
Ш. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.
Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.
Дайындаңыз:еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.
Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.