«мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және зерттеу әдістері» ПӘні бойынша емтиханға дайындалуға арналған сұРАҚТАР ЕМТИХан сұРАҚтары мен жауаптары


Презентация. Ғылыми жобаны ауызша қорғауға қойылатын талаптар



бет19/24
Дата02.12.2023
өлшемі114,88 Kb.
#131397
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ғылым туралы түсінік. Ғылымның мақсаты мен міндеттері. Ғылым-emirsaba.org

33. Презентация. Ғылыми жобаны ауызша қорғауға қойылатын талаптар.
Презентация - бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) таныстыруға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.
Презентацияның мақсаты - тыңдаушыларға презентация нысаны туралы толық ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу. Қазіргі уақытта презентация маркетингте қолданылады. Презентацияда бір мақсатта жұмылдырылған мәтіндер, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік анимациялар, графика, видео, музыка және дыбыстық жазбалар болуы мүмкін (бірақ барлығы болуы міндетті емес).
Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері
Ғылыми жобаға тақырып таңдау
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу
Зерттеу жұмысының жоспарын құру
Ғылыми жобаны рәсімдеу
ТАҚЫРЫП- мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.
Тақырыпты таңдау ережесі:
Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:
Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;
Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді , өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;
Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;
Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;
Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі

Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.


Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:
алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;
бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;
тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.
таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;
зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет