«мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және зерттеу әдістері» ПӘні бойынша емтиханға дайындалуға арналған сұРАҚТАР ЕМТИХан сұРАҚтары мен жауаптары



бет1/24
Дата02.12.2023
өлшемі114,88 Kb.
#131397
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Ғылым туралы түсінік. Ғылымның мақсаты мен міндеттері. Ғылым-emirsaba.org


Ғылым туралы түсінік. Ғылымның мақсаты мен міндеттері. Ғылым

«МЕЙІРБИКЕ ІСІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ МЕН ЖАУАПТАРЫ.


  1. Ғылым туралы түсінік. Ғылымның мақсаты мен міндеттері.


Ғылым — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе
Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылымның міндеттері- танымдылық, білімділік ,мәдениеттілік,тәжрибиелік.



  1. Ғылыми зерттеу туралы түсінік. Ғылыми зерттеудің негізгі сипаттамалары.


Ғылыми-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмысы үш негізгі құрамдас бөліктерді қамтиды. Олар мақсатты адам қызметі, өзекті ғылыми жұмыс, ғылыми жұмыс және ғылыми жұмыс құралдары тақырыбы болып табылады.
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.
Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
Ғылыми зерттеулер қолданбалы ғылымдар саласында жүзеге асырылып, ғылыми-зерттеу құрылымын құрайтын қадамдар сериясы болып табылады. Ғылыми-зерттеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
- мәселенің қойылымы. Зерттелуге тиіс мәселені және ғылыми зерттеу проблемасының дәл тұжырымын табу қадамы.
- гипотезаны ұсыну және қолдау. Ғылыми жұмыста белгілі бір фактілерді алдын ала түсіндіруге негіз болатын ұсыныс немесе болжау, кез келген бекіту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет