ІІ. Артериялық тамыр соғуын зерттеу. Тамыр соғуын әртүрлі артерияларда анықтайды – ұйқы (бұлшық етінің алдынғы қырында, оның ұзындығының ортасында таман), ұршық, бұғана асты, иық артерияларында, бірақ көбінесе кәрі жілік артериясында.
Кәрі жілік артериясы кәрі жіліктің біз тәріздес өсіндісі мен кәрі жілік бұлшық еті сіңірінің арасында сипап анықталады, бұл кезде тексеруші оң қолының үлкен саусағы білектің сырт жағында, ал қалғандары – алдынғы жағында болатындай қылып науқастың білезік буынынан сәл жоғары ұстайды.
Артерияны сипап тапқаннан кейін оны кәрі жілікке қысып басады, сол кезде тамыр соғу толқыны артерияның көтерілуі және түсуі сияқты болып сезіледі.
Оң және сол қолдағы тамыр соғуы әртүрлі болуы мүмкін, мұндай кезде тамыр соғуын зерттеу қолға жақсы білінетін жақта жүргізіледі.
Тамыр соғу жиілігін анықтау үшін тамыр соғу минут бойы 15 секундта санайды да оны төртке көбейтеді, аритмия болса бір минут бойы санайды.
Элекрокардиограмманы жазу (жүрек жұмысы кезінде түзілетін электр потенциалдардың жазу): Домалақтанған мақтаны натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіне батыру және онымен элекродтар қоятын жерлерді сүрту – денеден электропотенциалдар өткен кезде жақсы жанасу үшін.
Электродтар қою:
қызыл – оң қолдың білезігінен жоғары білектің ішкі жағына,
сары – сол қолдың білезігінен жоғары білектің ішкі жағына,
жасыл – сол аяқ балтырының төменгі үшінші бөлігінің алдынғы ішкі жағына,
қара – оң аяқ балтырының төменгі үшінші бөлігінің алдынғы ішкі жағына.
Кеуде электродтарды – 1. төстің оң жақ қырына таман 4 қабырға аралы - ғына;
2. төстің сол жақ қырына қарай 4 қабырға аралы -ғына;
3. төстің сол жақ қырынан 4-6 см жерге 5 қабырға аралығына;
4. сол жақ бұғана аралық сызық бойымен 5 қабыр -ға аралығына;
5. сол жақ қолтық асты алдынғы сызығы бойымен 6 қабырға аралығына
6. сол жақ қолтық асты орталық сызығы бойымен 7 қабырға аралығы;
7.Электрокардиографтың жерсіндіру сымын жер -сіндірушіге қосу.
8.Электрокардиографты электр көзіне қосу.
9.Созылыңқы лента механизмінің жылдамдығын (секундына 50мм) қосу.
10.Сәйкес кнопкаға үш рет басу арқылы бақылау миливольтың (1мВ) жазу.
11.Кнопкаларды ретімен қосып және өшіріп, қағаз лентаға жаза отырып , І, ІІ, ІІІ, AVR, AVL, AVF, V1, V2, V3, V4, V5, V6 әкетулерінен тіркеуді жүргізу.
12.Бақылау милливольтын жазуды қайталау (үш рет).
13.Электрокардиографты ажырату және электрод -тарды алу.
14.Экг – лентасына науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мерзімін, науқас жатқан бөлімшені жазу.