«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы


Дәрілік заттарды парентералды енгізу жолдары



бет45/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97
Дәрілік заттарды парентералды енгізу жолдары
Дәрілік заттарды инъекциялық жолмен парентералды (асқазан-ішек жолдарына соқпай) енгізуге болады. Инъекциялар – дәрілік заттарды ағзаның әртүрлі ортасына қысыммен арнайы басып енгізу. Инъекцияны тіндерге (теріге, тері асты шел қабатына, бұлшық етке, сүйекке); тамырға (көк тамырға, артерияға, лимфатикалық тамырларға); қуыстарға (іш, плевра, жүрек, сүйек). Егер орталық нерв жүйесінде препараттың жоғары мөлшері қажет болса, жұлындық (субдуральді, субарахноидальді) енгізу қолданылады.
Шұғыл көмек көрсеткенде инъекциясыз болмайды, өйткені құсу, жұтынудың қиындауы, науқастың құлықсыздығы немесе оның ес-түссіз жағдайы дәрілік заттарды енгізуге бөгет жасамайды. Дәрлік заттарды енгізудің парентеральді тәсілінің артықшылықтары:

  1. Әсерінің жылдамдығы.

  2. Мөлшерлеудің дәлдігі, өйткені асқазан сөлінің және ас қорыту ферменттерінің дәрілік заттарға әсері болмайды.

  3. Бауырдың кедергілік ролі болмайды.

Инъекциялық тәсіл дәрілік заттарды пероральді енгізуге мүмкіндік болмағанда немесе мақсатқа сәйкес болмағанда немесе ішуге арналған түрлері болмағанда да қолданылады.
Қазіргі кезде инесіз инъекторларды қолданады. Олар дәрілік заттарды тері ішіне, тері астына және бұлшық етке инені қолданбай енгізуге мүмкіндік береді. Оларды қолдану белгілі бір қысыммен сұйықтық ағынының тері жабындылары арқылы өту мүмкіндігіне негізделген. Бұл әдіс бұқаралық вакцинацияны жүргізуге, стоматологиялық тәжірибеде ауырсыздандыруда қолданылады. Бұл сывороткалық гепатиттің берілу қаупін болдырмайды және жоғары өнімділігімен ерекшеніледі.
Кез келген инъекцияны жасау үшін шприц қажет. Инъекцияға арналған шприц екі – поршеньге арналған үлкен және инеге арналған шыны астылық конусы бар кішкене – тесігі бар қуыс цилиндрден, стержень мен сабы бар поршеннен тұрады. Көп рет қолданылатын шприцтің поршеніне цилиндрге арналған қозғалмалы алынатын қақпағы болады, ол поршеньді цилиндрдің ортасына ұстап тұрады. Бекітілмеген поршень шприцтің тұтастығын бұзады, содай-ақ цилиндрдің сынуына әкеледі. Инъекция жасауға және қуыстарды жууға арналған көп рет қолданылатын шприцтердің әртүрлі түрі болады. Қазіргі кезде пластмассадан жасалған, зауыт жағдайында залалсыздандырылған бір рет пайдаланатын шприцтер кеңінен және іс жүзінде жаппай қолданылады. Бұл шприцтердің орауынан сыртына қолдануға болатын мерзімі көрсетілген. Шприц герметикалық болуы керек, яғни цилиндр мен поршеннің арасынан ауа да, сұйықтық та өтпеуі керек.
Инъекцияға арналған шприцтер, ең алдымен, инъекцияның түріне және енгізілетін дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты таңдап алынады. Мысалы, тарі ішіне енгізілетін ерітінді әдетте 0,5мл –ден аспайды, тері астына – 0,5 – 2мл, бұлшық етке 1-10 мл.
Инъекцияға арналған шприцтердің сыйымдылығы – 1,2,5,10 және 20 мл. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін алу үшін шприцтің бөлігінің (бағасын), яғни цилиндрдің жақын орналасқан екі бөлігінің арасында ерітіндінің қандай мөлшері болуы мүмкін екендігін білу. Шприцтердің цилиндрлерінде шприцтің сый -ымдылығынр көрсететін бөліктер және цифрлар болады. Бөліктердің бағасын анықтау үшін мл мөлшерін көрсететін цилиндрдегі ине астылық конусқа жақынырақ орналасқан цифрді табу керек, содан кейін осы цифр мен ине астылық конустың арасындағы бөліктер санын анықтап, ине астылық конусқа жақын цифрді бөліктер санына бөлу керек. Осы шприцтің бөліктерінің бағасы болады. Мысалы, сыйымдылығы 20 мл шприцтің ине астылық конусқа жақын цифр 10. Осы цифр мен ине астылық конустың арасындағы бөліктер саны 5. 10мл-ді 5-ке бөлгенде 2 болады, яғни сыйымдылығы 20 мл шприцтің бөліктерінің бағасы 5мл-ді 5 бөлікке бөлу арқылы анықталады – ол 1мл-ге тең.
Күшті әсерлі дәрілік заттардың аздаған мөлшерін, сондай-ақ неғұрлым дәлірек мөлшерлеуді қажет ететін сывороткалар мен вакциналарды енгізу үшін 0,1 – 0,01мл бөлік бағасы бар сыйымдылығы 1-2 мл арнайы шприцтерді қолданады. Парентеральді енгізуге арналған дәрілік заттардың мөлшері көбінесе мл-мен және мл үлесімен көрсетіледі. Мөлшерді белгілеудің басқа да түрлері болады. Мысалы, қант диабетімен сырқаттанатын науқасқа инсулинді әсер ету бірлігінде енгізеді. Инсулинді енгізу үшін сыйымдылығы 1-2 мл арнайы шприцтер шығарылады. Олардың цилиндрлеріндегі бөліктер мл үлестерін емес, «әсер ету бірліктерін» көрсетеді.
Инъекциялық ине – таттанбайтын хромникельді қорғасыннан жасалынған жіңішке қуыс металл түтік. Бұл түтіктің бір ұшы қиғаш кесіліп, үшкірленген. Екінші ұшына жезден жасалынған канюля бекітілген, ол шприцтің ине астылық конусына тығыз кіргізіледі. Тері ішілік, тері астылық, бұлшық еттік, көк тамырлық инъекцияларға арналған инелер ұзындығына, кесілген жеріне, ұштау түріне байланысты ажыратылады. Инелер қатаң тағайындалуына қарай қолданылады. Мысалы, бұлшық еттік инъекцияға ұзындығы 60мм, кесілген жері 0,8-1,0мм ине, тері ішілікке – ұзындығы 15мм, кесілген жері 0,4мм ине, тері астылыққа – ұзындығы 20мм, кесілген жері 0,4-0,6мм ине қолданылады.
Кез келген іс-шараны орындар алдында қолдарды дайындаған жөн: тырнақтар қысқа қырқылған, қолдар сабынмен мұқият жуылған болуы керек. Іс-шаралар резеңке қолғап киіп орындалуы керек. Инъекция жасар алдында қолдар спиртке матырылған домалақ мақтамен өңделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет