Анализге көк тамырдан қанды алу әдісі. Қан ағызу іс-шаралары Анализге көк тамырдан қанды алу әдісі. Іс-әрекетке дайындық: Науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз.
Науқасты отырғызып немесе арқасымен жатқызыңыз.
Қолғапты киіңіз.
Шынтақ астына жастықша қойыңыз.
Иықтың 3/2 орта бөлігіне резеңке бұрауды тартып байлаңыз.
Іс-әрекеттің орындалуы Шынтақ иінін спиртке батырылған 2 мақта шаригімен тазалау.
Науқасқа қолын ашып-жұмып жұмыс істеуін сұрау.
Шынтақ иініндегі көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен бекітіп ұстау.
Иненің қиылысын жоғары қаратып, бұрыштап ұстап әуелі теріні, содан соң көк тамырды тесу.
Иненің канюлясынан қан көрінгеннен кейін, иненің канюлясына пробирканы кигізу, қажет мөлшердегі қанды алу.
Резеңке бұрауды шешіп, науқас жұмған қолын ашады.
Инъекция жасаған жерді спиртке батырылған мақта шаригімен басып инені шығарып алу.
Науқасқа шынтақ иінің қысып ұстауын сұрау.
Зертзанаға жолдама жазу.
Қан ағызу Қан ағызу бұл қан тамырлық жүйеден белгілі бір мөлшерде қанды алу. Қанды ағызғанда қанайналысдағы қанның жалпы көлемі азайтып, артериялық және венозды қысым төмендеп, қанның тұткырлығы төмендейді. Қазіргі кезде әсері жо,ары гипотензивті препараттардың болуына байланысты қан ағызу өте сирек жүргізіледі (гипотензивті заттарға сезімталдығы болғанда).
Көрсеткіші:гипертониялық криз, өкпе шемені, жедел ми қанайналымының бұзылысының геморагиялық түрі.
Қарама-қарсы көрсеткіші: қан жоғалту, түрлі себепті шоктар, шыны ауру, әртүрлі себепті анамиялар.
Іс-әрекетке дайындық Науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз.
Науқасты отырғызып немесе арқасымен жатқызыңыз.
Қолғапты киіңіз.
Шынтақ астына жастықша қойыңыз.
Иықтың 3/2 орта бөлігіне резеңке бұрауды тартып байлаңыз.