Жылытқыш: Оны қолданғанда жергілікті жылыту әсерінен басқа құрсақ қуысы ағзаларының қан тамырларының рефлекторлы кеңею және спастикалық ауырсынулардың жоғалуымен өтетін тегісбұлшық еттердің бөсансуы байқалады. Басқының ауырсынуды басатын әсері жара ауруының, бүйрек коликасының, радикулиттің емінде қолданылады.
Сыйымдылығы 1-3 л әртүрлі резеңке басқылар жиі, ал элекротермиялық немесе химиялық басқылар сирек қолданылады. Стандарт басқылар болмағанда, ыстық су толтырылған құмыра немесе басқадай ысытылған зат пайдаланады.
Салмақ түсірмеу үшін басқының ¾ бөлігін суға толтырады. Содан соң жайлап басып ауасын шығарады, тығынын мықтап бұрайды, дұрыс жабылғанын тексеру үшін аударып көреді де құрғатып сүртіп, сүлгіге орап, науқасқа қояды. Басқыны жиң және ұзақ қолданғанда күюді және гиперпигментацияны болдырмау үшін басқы қоятын жерге вазелин жағады.
Басқыны іштегі белгісіз ауырсынуда (жедел аппендицит, жедел холецистит, жедел панкреатит сияқты ауруларда), қатерлі ісіктерде, мертігудің алғашқы тәуліктерінде, ішкі және сыртқы қан кетулерде, тері сезімталдығының бұзылуларында, сондай-ақ ес-түссіз жатқан науқастарға қоюға болмайды.
Ысытып басу.Бұл үшін арнайы мата дорбаға салынған қыздырылған кұм, буға жібітілген зағыр дәні, кебек немесе сұлы қолданылады. Салқындауын баяулату үшін денеге қойғаннан кейін оларды клеенкамен, содан соң мақтамен немесе көрпемен жабады. Қарсы көрсеткіштері басқының қарсы көрсеткіштерімен бірдей.
Қыша қағаздар мен, оңқалар
Қыша қағаздар. Қыша ұнтағы суға тигенде эфир майы терінің тітіркенуін және гиперемиясын туғыза отырып, тереңірек орналасқан ішкі ағзалардың қан тамырларын кеңейтеді, соның негізінде ауырсыну басылады, кейбір қабыну ошақьары тарайды. Фабрикада жасалған қыша қағаздарының көлемі 8х12,5см, оған ерекше тәсілмен құрғақ қыша жағылған. Оларды 8 айдан ұзақ уақытқа сақтамаған жөн. Қыша қағазы өзіміз дайындауымызға да болады. Қышаны бірдей мөлшерде бидай ұнымен араластыра отырып, бірқалыпты қоймалжын масса болғанша ыстық су құяды, содан соң қалын матаға тегістеп жағады да дәкемен немесе жұқа қағазбен жабады.
Қолдану алдында қыша қағазы жылы суға малып, сілкіп ретінің қажетті бөлігіне қышасын төмен қаратып, жергілікті айқын гиперемия пайда болғанша 10-15 минут ұстайды. Терісі өте сезімтал науқасқа, сондай-ақ балаларға қыша қағаздың астына суға малынған папирос қағазын немесе дәкені салады. Қыша қағазы неврологиялық ауруларда (миозиттер, нералгиялар), өкпе немесе бронх қабынғанда, стенокардия (кеуде клеткасының сол жақ жартысына), бас ауырғанда (желке тұсына) қолданылады.
Қыша қағазынан басқа қыша ванналары (10л суға 50г қыша) қолданылады. Олар жалпы (суық тиіп ауырғанда), сондай-ақ жергілікті (гипертониялық аурудың емінде) болуы мүмкін. Ваннадан кейін науқасты таза жылы сумен жуып, құрғатып сүртіп, қымтап жабады. Кішкентай балаларға қыша ванналарының орнына кейде қыша орауларын жасайды.
Қыша қағаздарын әртүрлі тері ауруларында (пиодермия, нейродермит, экзема) қоюға болмайды.