«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет69/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Оксигенотерапия дегеніміз оттегін емдеу мақсатында қолдану.
Көрсеткіштері: цианозбен (көгерумен), оттегінің тіндердегі парциальды қысымының төмендеуімен өтетін жедел немесе созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Емдеу үшін құрамында 50-60% (80%-ке дейін) оттегі бар газ қоспасы қолданылады (таза оттегі адам организміне улағыш әсер етуі мүмкін). Иісті газбен уланғанда карбоген қолданылады (95% оттегі мен 5% көмір қышқыл газының қоспасы), өкпе ісінуінде - 50% оттегі мен 50% спирттің қоспасы (этил спирті көбік басқыш болып табылады).
Оттегін берудің мынандай тәсілдері болады:

  1. оттегі жастығымен – көбінесе үй жағдайында қолданылады, науқасқа оттегін түтік бар баллон немесе мундштук арқылы береді;

  2. мұрын катетері арқылы – медициналық мекемелерде қолданылады, сығылған оттегі бар баллон немесе палаталарға оттегін орталықтандырып беру пайдаланады, бұл кезде катетерлер мұрынға құлақ сырғалығы мен мұрын қанаттары аралығына тең болатын тереңдікке енгізіледі;

  3. маска арқылы – бетке масканы қойғанда, ауыз бен мұрынды жабады, оның тыныс алатын және тыныс шығаратын каналдары болады. Тыныс алатын каналдың тубусы жұқа резеңкеден жасалған қаппен бірліктірілген, онда тыныс шығарғанда оттегі жиналады, ал тыныс алғанда ол өкпеге белсенді тартылады. Оттегі ылғалданған болуы керек екендігін есте сақтаған жөн (Бобров аппаратында су арқылы өткізумен);

  4. гипербариялық оксигенация – арнайы барокамераларда жоғары қысым кезінде оттегімен емдеу.

Медициналық оттегі бар баллондар міндетті түрде көк түсті болуы керек. Көбінесе олардың сыйымдылыға 40л, 150 атм қысыммен газ тәрізді оттегі болады. Қысымды 150-ден 3 атм-ге дейін түсіру үшін монометрі бар редуктор қолданылады.
Қалталық ингаляторды қолдану:

  1. Терең дем шығару.

  2. Мундштукты ерінмен жымқырып, баллоның түбін баса отырып терең дем алу; сол кезде аэрозольдің дозасы беріледі.

  3. Бірнеше секундқа демді кідірту, содан кейін мундштукты ауыздан алып, ақырындап демді шығару.

  4. Егер терең дем алу мүмкін болмаса, онда аэрозольдің бірінші дозасын ауыз қуысына шашыратуға болады.

  5. Аэрозольдің мөлшерін дәрігер анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет