«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет70/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0

Түкіргіштерді дезинфекциялау

Қоршағандарға жұқтырмау мақсатында мейірбике науқасқа дені сау адамдарға тым жақындап жөтелмеуге тырысуды, жөтелген кезде ауызын қолымен немесе орамалмен жабуды, еденге қақырықты түкірмеуді (өйткені ол кепкенде шаң түйіршіктеріне айналып, басқаларға жұғуы мүмкін), қақырықты қақпағы тығыз жабылатын түбіне 0,5% хлорамин ерітіндісі құйылған арнайы түкіргішке жинауды үйретеді. Күні бойғы қақырық мөлшерін температуралық параққа белгіленгеннен кейін түкіргішті босатады. Туберкулезбен сырқаттанатын науқастың қақырығын жағады немесе алдын-ала 1л қақырыққа 20г есебімен 2 сағатқа құрғақ хлорлы әк қосу арқылы зарарсызданғаннан кейін канализацияға төгеді.


Анализге қақырық жинау


І. Жалпы анализге қақырық алу
Мақсаты: қақырықты макро- және микроскопиялық тексеру.
Жабдығы: таза құрғақ түкіргіш немесе қақпағы бар банка.

  1. Тексеруге микрофлораға неғұрлым бай таңертеңгі жаңа қақырықты жібереді.

  2. Тексерудің қарсыңында мейірбике науқасқа анализ өткізудің уақыты мен тәсілін ескертіп, таза, құрғақ белгіленген түкіргішті береді.

  3. Таңертеңінде науқас тісін тазалап, жақсылап ауызын шаяды.

  4. Түкіргіштің шеттеріне тигізбей қақырады (5мл жеткілікті).

  5. Түкіргіштің қақпағын тығыздап жауып, оны салқын жерге қояды.

  6. Мейірбике жолдама жахады да қақырықты лабораторияға апарады.

ІІ. Микробиологиялық зерттеуге қақырық алу.
Мақсаты: өкпе микрофлорасын зерттеу және оның антибиотикке сезімдалдығын анықтау.
Жабдылығы: қоректік ортасы бар залалсыздандырылған Петри ыдысы.

  1. Науқас тісін тазалайды.

  2. Мейірбике лабораторияға жолдаманы алдын-ала толтырады.

  3. Ісшараның алдында ол қосымша халат, маска, қалпақ, көзілдірік киеді (әсіресе ВИЧ инфекцияны күдіктелінгенде немесе анықталғанда).

  4. Коректік ортасы бар Петри ыдысын тігінен ұстап науқасқа 5-10см қашықтыққа жақындатады, науқас соған қарай 5-6 рет жөтеледі.

  5. Мейірбике Петри ыдысын жауып, оны лабороториға тезірек жеткізуді қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет