Ентігу, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі.Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары кезіндегі ентігу жүрек жетіспеушілігі белгілерінің бірі болып табылады. Бұл миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуінен, үлкен және кіші қан айналу шеңберінде қанның іркілуінен және ағзада сұйықтықтың жиналуынан болады. Бұл кезде қан кіші қан айналу шеңберінде жиналады да науқас физикалық күш түскенде және қобалжығанда ауа жетпеу сезімін сезеді, ал аурудың өршуіне қарай тыныштық жағдайда да осындай сезім пайда болады.
Жүрек жетіспеушілігі кезіндегі тұншығу (жүрек демікпесі) – бұл шулы тыныс алумен өтетін, көбінесе түнгі уақытта, кенеттен пайда болатын ауыр ентігу ұстамасы. Бұл кезде науқас амалсыз отыру күйін қабылдауға тырысады. Жүрек демікпесі жүрек бұлшық етінің некрозы (инфаркт), қабынуы (ауыр миокардит) немесе салмақ түсу (гипертониялық криз, сәйкес емес физикалық күш түсу) салдарынан жүрек бұлшық етінің жиырылғыштық қабілетінің күрт төмендеуі кезінде пайда болады. Өкпе ісінуі жүрек жетіспеушілігінің неғұрлым ауыр көрінісі болып табылады. Бұл кезде қанның сұйық бөілігі қан тамырларының қабырғалары арқылы өтеді де альвеолаларда жиналады. Жүрек демікпесінің айтылып кеткен белгілеріне сырылады тыныс алу және алқызыл көбікті қақырықтың бөлінуі қосылады.
Ентігу кезіндегі көмек: тыныштық жағдай жасау, науқасты отырғазу немесе жартылай отырғызу (ортопноэ), қысып тұрған киімдерді шешу, таза ауамен қамтамасыз ету, дәрігердің тағайындауымен нитроглицерин немесе АҚ жоғары болса гипотензивті дәрі беру.
Өкпе ісінуі мен жүрек демікпесі кезінде науқасқа көрсетілген көмек:
нитроглицерин ьеру, егер науқастың САҚ 100мм с.б. төмен болмаса
мұрын катетері немесе маска арқылы көбек басқышпен бірге оксигенотерапия жүргізу, көбік басқыш ретінде әдетте 96% этил спирті қолданылады
элекросорғышпен көбікті қақырықты сорып алу керек
науқасты отырғызғаннан кейін қанды үлкен қан айналу шеңберіне жиналдыру және оның өкпеге келуін кідірту мақсатында аяқтарына венозды бұраулар салады, екі аяқтың шап қатпарынан 15см төмен жерге бұрау немесе резеңке түтік немесе тонометрдің мнжетін вена ғана қысылатындай қылып салу керек, артериялық тамыр соғуы бұраудан төмен жерде сақталуы қажет, ал аяқтары көкшіл тартуы керек, бұраудың салыну уақыты 15-20 минут.
венозды бұрауларды қолға да салуға болады, оны шешерде жайлап алдымен бірінші қолдағыны, біраздан кейін екінші қолдағыны шешу керек
айналымдағы сұйықтықтың біраз бөлігін қан айналымынан шығару және кіші қан айналу шеңберін жеңілдету мақсатында қан ағызуды қолдануға болады.