Мейірбике ісінің тарихы



бет5/5
Дата08.10.2023
өлшемі33,43 Kb.
#113362
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 тақырып

Шаш және тырнақты қарау
Шаштың дененің шаштан таза жерде көп өсуі эндокринді бұзылыстың болуымен сипатталады. Шаштың түсуі гипотериозға , ал уыстап түсуі сифилиске тән. Шаш тері ауруларыпда яғни фавуста, себореяда түседі. Тырнақтың сынғыштығы және қатпарлануы витаминді алмасудың бұзылысынды және жүйке жүйесінің ауруларында кездеседі.
Мүшелеп қарау

  • Басты қарау. Бастың қатты үлкеюі мида судың жиналуында, микроцефалияда байқалады. Туа пайда болған сифилисте – бас сүйектің спецификалық орналасуы және жүректің аортальды ақауында бастың пульсациясы болады. Көзді қарау бірқатар симптомдарды анықтауға көмектеседі. Мысалы, диффузды токсикалық жемсауда, ботулизмде (қылилық), жүйке жүйесінің ауруларында ( көз қарашығының бір деңгейде болмауы, птоз және т. б.) көздің патологиялық өзгерістері кездеседі .

  • Ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысын қарау (аран, тіл, тістер, шырышты қабық) асқазан ауруларын, анемия, эпилепсияны және т. б. ауруларды анықтауда диагностикалық маңызы зор.

Құлақ қалқандарын қарап, сыртқы дыбыс жолдарын мұқият қарайды. Бастың шашты бөліктерінде шаштың жалпы көрінісіне, шаштың түскен бөліктеріне (микроспория), тері зақымдануларына, педикулездардың болуына немесе болмауына көңіл аударады.

  • Мойынды қарау. Ұйқы артериясының пульсациясына (жүрек ақауы, тиреотоксикоз), қалқанша безге, лимфа түйіндерге көңіл аударады.

  • Сүйек–бұлшык ет жүйесін қарау. Бұлшық еттер (атрофия, гипертрофия), буындар (деформация, қимылдау дәрежесі), тамырлар (веналардың варикозды кеңеюі), тырнақтар ( сынғыштақ, формаларына) жағдайын бағалау қажет. Бұлшық еттің дамуын науқастың жұмысымен немесе спортпен айналысуымен сипатталады. Жергілікті бұлшық ет атрофиясын (көбінесе аяқтарда) келесе сау мүшемен салыстыра отырып диагностика жүргізеді. Бұлшық еттің күшін және қызметінің бұзылуын анықтау өте маңызды, себебі олар жүктілік кезінде, бүйрек (эклампсия), бауыр (бауыр жетіспеушілігі), орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (менингит), холерада және т. б. ауруларда байқалады.

Акромегалияда перифериялық сүйектердің қатты өсуі, ал рахитта сүйектердің өзгеруі, тауық көкірегі, қабырғалардың шеміршекке өту кезінде жуандауы, аяқтарының қисаюы байқалады.
Кеуде сарайын қарау.
Кеуде сарайына (конус тәрізді, эмфизематозды және т. б.), жүрек ұшы соққысына баға береді.
Алдыңғы құрсақ қуысын қарау.
Іштің формасын, өлшемін және тыныс алуда қатысуын бағалайды.
Лимфа түйіндерін қарау.
Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері қолға сезілмейді және көрінбейді. Аурудың түріне қарай олардың көлемі бұршақтан алмаға дейін үлкеюі мүмкін. Лимфа түйіндерін қарағанда олардың ауырсынуына, жылжығыштығына, консистенциясына, терімен жалғасуына көңіл аудару керек. Көбінесе жақ асты, мойын, бұғана үсті, қолтық асты және шап түйіндері үлкееді.[1]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет