Мейірбике ісінің тарихы


Науқастың бетінің көрінісі



бет4/5
Дата08.10.2023
өлшемі33,43 Kb.
#113362
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 тақырып

Науқастың бетінің көрінісі
Науқастың беті ағзада болып жатқан өзгерістерді айқындайды. Ол қорқуды, сағынуды, уайымдауды көрсете алады. Қызба кезінде науқастың беті қызарады. Беттің ісініп, бозаруы және көздің қабағының түсуі бүйрек ауруларымен ауыратын науқастарда болады. Алкогольды ішімдіктермен, наркотиктермен уланғанда, уремияда көз қарашығының тарылуы, атропинмен уланғанда кеңеюі болады. Бауырдың зақымдануында склераның сарғаюы байқалады.
Жалпы дене бітімі
Адам затының үш типті конституциясы болады:

  • нормостеник типі – дене бітімінің пропорционалды, бұлшық еттері тығыз, көкірек клеткаының конус тәрізді болуымен сипатталады. Колының, аяғының, мойынның ұзындығы денесінің өлшеміне сай. Қабырға бұрышы тік.

  • астеник типі – мойыны ұзын және жіңішке, иықтары тар, жауырыны көкірек қуысынан қалаңқы, бұлшық еті әлсіз, терісі жұқа және бозғылт, диафрагма төмен, зат алмасуы күшейген болады.

  • гиперстеник типі – көлденең өлшемдері, бұлшық еттері, тері асты май қабаты күштірек дамыған. Кеуде қуысы қысқа әрі кең, қабырғаларың бағыты горизонтальды бағытталған, иықтары кең және түзу, аяқ – қолдары қысқа, басы үлкен, диафрагма жоғары орналасқан, заталмасудың төмендегені тән.

Тері және шырышты қабатты қарау
Теріні қарау терінің пигментациясын, құрғақтануын, тыртықтануын, қан құюлыларды және т. б. анықтайды. Терінің түсінің өзгеруі терінің қалыңдығына және тері қан тамырларына байланысты. Тері түсінің өзгеруі онда пигменттердің жиналуынан болады.

  • Бозғылт – уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Тұрақты бозғылт болу жедел және созылмалы қан кетуден кейін немесе анемия кезінде болуы мүмкін. Уақытша бозғылт болу тері тамырларының спазымында, қорықанда, жаурағанда, қалтырағанда пайда болады.

  • Терінің қалыпты емес қызаруы – терінің майда қан тамырларының кеңеюінен және толуынан пайда болады. Қызыл түсті тері кейбір ауруларда байқалады, ол қанда эритроцит пен гемоглобиннің көп мөлшерде көбеюі әсеріне (полицитемия) .

  • Цианоз – терінің көкшілтім болуы. Ол қанда көмірқышқылдың көп мөлшерде болуына байланысты. Цианоз жергілікті және жалпы цианоз болып бөлінеді.

Жалпы цианоз жүрек және өкпе жетімсіздігінде дамиды. Ол кейбір туа пайда болған жүрек ақауларында, улармен уланғанда (беролет тұзы, анилин, нитробензол) кездеседі. Бет және аяқ–қолдың цианозы өкпенің капилярларының өлуімен жүретін өкпе ауруларында кездеседі (пневмосклероз, өкпе эмфиземасы) . Жергілікті цианоз дененің жеке бөліктерінде тамырлардың қысылуынан немесе бітелуінен дамуы мүмкін. Көбінесе тромбофлебит әсерінен дамиды.

  • Сарғыштық – өт пигменттердің теріде және шырышты қабаттарда жиналу әсерінен дамиды. Сарғыштық әрдайым склераның және қатты таңдайдың сарғаюымен жүреді, сол себептен оны басқа сарғаюлардан оңай ажыратуға болады (күнге күю, актихинді қолдану). Сарғаюдың түсі ашық сарыдан ашық жасылға дейін өзгеруі мүмкін. Сарғаюдың әлсіз деңгейін субиктерикалық деп айтады.

Терінің сарғаюы өт пигменттерінің көп мөлшерде болуына байланысты. Ол бауырдан ішекке қарай өт жолынан өттің ағуы бұзылған жағдайда дамиды. Өттің ағуы өт тасымен өт жолы бекітілгенде, ісікте, қабынуда, спайкаларда дамиды. Мұндай сарғаюдың түрін бауыр астылық (механикалық) деп айтады. Бауыр ауруларында (гепатит) пигменттердің көбеюі болуы мүмкін. Бұл кезде бауыр жасушалары билирубин алмасуына қатыса алмай, қанда көп мөлшерде жинала бастайды. Сарғаюдың бұл түрін бауырлық деп айтады. Бауыр астылық (гемолитикалық) сарғыштық ағзада эритроциттердің көп бұзылуынан (гемолиз), яғни босаған гемоглобиндерден билирубиннің түзілу әсерінен дамиды Мұндай сарғыштық эритроциттердің туа және жүре пайда болған тұрақсыздығында, малярияда, сонымен қатар әртүрлі улармен уланғанда дамиды. Пигментацияның күшеюі тері түсінің өзгеруіне әсер етеді. Ол жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Кейбір жағдайларда теріде шектелген пигментациялар байқалады (сепкілдер, туа пайда болған дақтар)

  • Альбинизм дегеніміз пигментацияның толық немесе бөлікті болмауы, ал витилиго дегеніміз терінің жеке бөліктерінде пигментацияның болмауы.

  • Тері бөртпелері. Бөртпелер терілік және жедел инфекциялық ауруларда кездеседі. Аллергиялық ауруларда крапивница сияқты бөрпелер шығады және қышынумен жүреді . Тамырлардың кеңеюінен теріде шектелген қызыл бөліктер орын алады, олар үлкен қызылт түстес эритемалар.

  • Тері ылғалдылығы - терлеуге байланысты. Жоғарғы тершеңдік ревматизм, туберкулез, диффузды токсикалық жемсауда болады, ал терінің құрғауы микседемада, қан немесе қантсыз диабетте, іш өтуде, жалпы әлсіреуде кездеседі.

  • Тері тургоры (серпімділігі) яғни тері эластикасы теріде жасуша ішілік сұйықтықтың, қан, лимфа деңгейіне және тері асты май қабатына байланысты. Тургордың төмендеуі ағзаның сусыздануында және ісіктерде кездеседі.

  • Қан құйылулар.

Қан құйылулар жарақаттарда, тері және инфекциялық ауруларда және т. б. болады. Қан құйылулар сепсисте, анемияда, геморрагиялық диатездерде кездеседі. Олар теріде әртүрлі формада болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет