|
Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
|
бет | 70/110 | Дата | 11.02.2022 | өлшемі | 155,82 Kb. | | #25281 |
| Байланысты: КК диф зачет (2) (2)Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.
Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.
Іс -әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.
Резеңке қолғапты киіңіз.
Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
қалыпты нәтижеде – кері реакцияда, зәрдегі глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|