«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Электрокардиографияға пациентті түсіруге дайындау



бет110/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Электрокардиографияға пациентті түсіруге дайындау

- тынықтандырып барып түсіру (физикалық күш түскеннен кейін пациент демалу керек);



- тамақтанғаннан соң түсіруге болмайды, себебі зат алмасу процессі күшейіп, денеде жылу алмасуы жоғарылайды. Сол себептен жүрек жұмысы күшейіп, ЭКГ-ның тістері өзгереді және нақты сапасы анықталмайды.

Спирография – ерекше аппараттардың көмегімен (спирометр, спирограф және т.б.) жүргізілетін тыныс алу қозғалысының көлемі мен жылдамдығын тіркеу әдісі. 

Зерттеуді жүргізудің шарттары

1.    Емдеуші дәрігермен алдын ала кеңесі, пациентке зерттеуді жүргізудің қажеттілігін анықтау.

2.    Зерттеу аш қарынға немесе жеңіл тамақтанған кейінгі 1 сағаттан кейін не жеткілікті тамақтанғаннан кейінгі 2 сағаттан кейін.

3.    Пациенттің киімі көкірек қуысын қыспауы тиіс.

4.   Спирометриялық зерттеу көкірек қуысының тік күйінде жүргізіледі, осыған сәйкес отыруға не тұруға болады.  Пациенттің тұрысы (отыру немесе тұру) көңіл-күйге, жасына, салмағына байланысты. Бірақ, тыныс алу тәсілдерін орындау кезінде кеудені еңкейтуге болмайды. 

5.    Зерттеуді күннің бірінші жартысында жүргізген дұрыс.

6.    Өкпенің вентиляция қызметінің шынайы мәнін алу мақсатымен зерттеуді жүргізудің алдында кейбір аппараттарды  қоспау қажет (дәрігермен кеңесу қажет).  Дәрілік заттарды қабылдаудан бас тарта алмаған жағдайда жолдамаға және спирограмманың сипаттамасы кезінде препараттың атауын, қабылдау тәсілін, мөлшерін, соңғы рет қабылдаған уақытын көрсеткен жөн.

7.    Зерттеуді бастар алдында 1,5-2 сағат бұрын темекі шегуден бас тарту.  

8.    Зерттеуді бастар алдында шамамен 4 сағат бұрын ішімдікті тоқтату.

9.    Зерттеуді бастар алдында физикалық жүктемені 20 минут бұрын тоқтату.

10.  Амбулаториялық науқастарға алдын ала 20 минуттай тыныққаны жөн. Қысқы уақытта тыныс алу жолдарының суық жоғары реактивтілігімен ауыратын

науқастарға спирографиялық зерттеу таза ауада жүргеннен кейінгі 1 сағаттан кейін жүргізіледі. 

 12.  Жоспарлы зерттеуді бронхоскопиядан кейін немесе кейінгі 3 күн ішінде жүргізілмеуі тиіс (тек науқастың жағдайы нашарлаған жағдайда). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет