«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Зарарсыздандыруға дейінгі тазарту



бет32/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   110
Байланысты:
КК диф зачет (2) (2)

Зарарсыздандыруға дейінгі тазарту ақуызды, майды, механикалық қоспаларды және есірткінің қалдық мөлшерін жоюға бағытталған. Зарарсыздандыруға дейінгі тазарту кезеңдері:

  1. Құралдарды дезинфекциялық ертіндіге батыру. Құралдарды бөлшектеп толық батырады.

  2. Ерітіндіде механикалық тазарту жүргізу. Машиналық(автоматты) немесе қолмен (мақта түйіршіктерімен) жүргізеді.

  3. Ағын суда жуу. Дезинфектанттан және жуғыш заттардан босатады.

  4. Дистилді суда шаю. Ағын суда болатын тұздардан босату, тазартады.

  5. Ыстық ауада кептіру. Кептіргіш шкафтарда 80-85°С температурада ылғалдылығы кепкенге дейін кептіреді.

Стерильдеу алдындағы тазалауды тексеру үшін фенолфталеин және азопирамды қолданады.Азопираммен тексергенде нәтижелері осындай болса:

Қолды өңдеу аурухана ішілік инфекциялардың алдын алу үшін жүргізіледі. Қолдарды өңдеу кезіндегі қимылдар тізбегі EN-1500 еуропалық стандартына сәйкес келуі керек.

  • Алақанды алға және артқа қарай ысқылау.

  • Оң алақанмен сол қолдың артқы жағын ысқылап, содан кейін қолды ауыстырып, сол әрекетті қайталау

  • Бір қолдың саусақтарын екінші саусақтардың арасына қойып, саусақтардың ішкі беттерін жоғары-төмен ысқылау.

  • Саусақтарды «құлыпта» жауып, алақанды бүгілген саусақтардың артқы жағымен ысқылау.

  • Бас бармақтың негізін саусақ пен сұқ саусақтың арасынан ұстап, бұралу қимылын қайталап, сосын қолды ауыстырып жасау керек.

  • Дөңгелек қимылмен, сол қолдың алақанын оң қолдың саусақ ұштарымен ысқылап, қолдарды ауыстырып, қайталау.

  • Әр қимыл 5 рет қайталанады. Қолды өңдеу 30 секунд - 1 минут ішінде жүзеге асырылады.

ҚР медицина қызметкерлерінің қолды өңдеудің үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолды дезинфекциялау), хирургиялық (қолдың стерилділігі белгілі уақытқа дейін жетеді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет